Меню

Страницы

Статья

Чаплыгин Геннадий Васильевич

Чаплыгин Геннадий Васильевич

1947 жылы Новосибирск облысы, Татарск қаласында дүниеге келген.

1969-1972 жж. - Петропавл қаласындағы теледидарда жарықтандырушы болып еңбек жолын бастады.

1972-1977 жж. - "Путь Ильича" аудандық газетінде фотокорреспондент және қоса атқарушы ретінде Булаев аудандық Мәдениет үйінің фотокино үйірмесінің жетекшісі болып жұмыс істеді.

1977-1979 жж. – Булаев аудандық Пионерлер үйінің үйірме жетекшісі, ол мәдени-спорттық-техникалық клуб болып қайта құрылғанға дейін.

1982 жылы жұмыс нәтижелері, түрлі байқаулар мен фестивальдерге қатысуы мен жеңістері бойынша Минск, Мурманск, Башқұртстан, Қазақстан және басқа да қалалардан жетекші фотобейне ісі мамандарынан топ құрылып, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтына оқуға жіберілді. 1987 жылы Геннадий Васильевич институтты бітіріп, "Мәдени-ағарту жұмысы" мамандығын алып, мәдени-ағарту қызметкері, әуесқой кинофотостудия режиссері біліктілігі берілді.

Институтты бітіргеннен кейін екі жыл Петропавл қаласындағы "Ишим" телеарнасы жанындағы фотокино өнер мектебінің директоры болды.

1982-1991 жж. – КСРО Кино достары қоғамы мен кәсіпқой емес кинематографистер федерациясының Үйлестіру Кеңесінің мүшесі. Бұл жылдары ол КСРО-ның әуесқой шығармашылық саласында төрт дүркін Лауреаты, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық кинофестивальдер мен фотокөрмелердің бірнеше дүркін қатысушысы, КСРО Кино достары қоғамының I съезінің қатысушысы.

1985 ж. - студия "Халықтық" атағын алды.

Осы жылдар бойы Геннадий Васильевич балалармен жұмысты тоқтатпады, өйткені олардан өз ісінің жалғасын көрді:

1979-2002 жж. - аудандық пионерлер үйінің фотокиностудиясының жетекшісі.

2003-2021 жж. - қосымша білім беру педагогы.

2006 жылдан бастап - "Мағжан Жұмабаев ауданының халық шығармашылығы мен демалыс орталығы" КМҚК халықтық фотокиностудиясының режиссері.

Геннадий Васильевич балалармен 50 жылдық жұмыс өтілі бойынша өзін сауатты педагог ретінде көрсетіп, кәсіби білімін балалармен жұмыста белсенді қолдануда. Сабақтағы жұмысты балалардың жас және физикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи үрдістермен шебер ұштастырады.

Жұмыс кезеңінде "фотобейнекиностудия" үйірмесі біздің ауданда ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысында да ең танымал үйірмелердің біріне айналды.

"Юность" фотокиностудиясының тәрбиеленушілері 2000 жылдан бастап 4 жылда бір рет үш номинация бойынша: фотография, кино және тележурналистика бойынша Республикалық және халықаралық Дельфий ойындарының тұрақты қатысушылары болып табылады. Аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар көптеген марапаттары бар:

-2008 жыл, "Дельфий ойындары" (1 алтын медаль және "Фотография" номинациясы бойынша 4 орын);

-2017 жыл – Ресей Федерациясының Саратов қаласында өткен әлем біріншілігіндегі Дельфий ойындарында 64 қатысушы елдің ішінен Бәйкенов Мақсат "Фотография" номинациясы бойынша 4 орын алды (Ресей мен Беларусь қатысушыларына жол беріп).

-2019 жыл, 13 "Ұлттық Дельфий ойындары" (1 алтын медаль, "Фотография, киноөнер және тележурналистика" номинациясы бойынша 4 қола медаль).

Ойындар қорытындысы бойынша біздің ауданның командасы екі рет "Юность" студиясының балалар секторына жабдық сатып алуға 1 000 000 теңгеден Сертификаттармен марапатталды.

Жасына қарамастан, Геннадий Васильевич қазіргі уақытта да белсенді өмірлік ұстанымда: 2021 жылы Булаево қаласының 4 мектебі, Таман ШЯС кешені, Бастомар ОМ, Қарагуга ОМ базасында фотокиностудияның филиалдары ашылды. Бұған дейін болашақ топ жетекшілері үшін бірнеше күн бойы семинар-тренингтер өткізіліп, онда барлық мол жұмыс тәжірибесі ұсынылып, монтаж, режиссура, түсіру процесі бойынша ұсыныстар берілді. Қазіргі уақытта филиалдардағы студияға баратын балалар ауылдың көрнекті адамдарын түсіру, түрлі ұйымдардың жұмысы туралы, мектеп жаңалықтарын жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Геннадий Васильевичтің қатысуынсыз бірде-бір аудандық іс-шара өтпейді: ол аудан орталығынан ең шалғай ауылға дейінгі барлық маңызды оқиғаларды түсірумен үнемі айналысады. Оның қоржынында ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да салалардың өмірінен көптеген сюжеттер бар.

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 23.12.2021 жылғы № 10-3 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы