Меню

Страницы

Статья

Туницкий Николай Борисович

Туницкий Николай Борисович

1954 жылдың 10 шілдесінде Көкшетау облысы Келлеров ауданының Южное ауылында дүниеге келген, ұлты украин, жоғары білімді, Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданының «Таманское» ЖШС директоры болып жұмыс істейді.

Еңбек жолы 1970 жылы Көкшетау облысы Красноармейск ауданының 40 лет Октября колхозында МТФ бригадирі болып басталды. 1971 жылы Мәскеу ауылшаруашылық академиясына Тимирязев атындағы оқуға түсіп, 1977 жылы бітіріп, ғалым агроном мамандығын алды.

1980 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылды.

1982 жылы әскери қызметтен кейін Таман дивизиясы атындағы Возвышенск АШБ бас агрономы болып тағайындалды. 4 жыл жұмыс істегеннен кейін «Советская» агрофирмасының партком хатшысы болып сайланды.

1988 жылдың ақпанынан бастап Таман дивизиясы атындағы Возвышенск АШБ директоры болып тағайындалды. Меншік нысаны өзгергеннен кейін «Таманское» ЖШС директоры болып табылады.

Екі шақырылым Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болды.

Марапатталған: «Құрмет» орденімен, «Звезда славы» орденімен, «Еңбек даңқы» П және Ш дәрежелі белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдығына, тың игерудің 50 және 60 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаттарымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің грамотасымен, облыс және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 10-3 шешімі

 

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы