Сапаров Алтынбек Сейпілұлы

1968 жылы 22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Красное (қазіргі Ноғайбай) ауылында дүниеге келген.
Балалық және жастық шағы осы Красное ауылында өтті. Мектепті бітіргеннен кейін 1986-1988 жылдары Кеңес Әскері қатарында мерзімді әскери қызметін өткерді. Запастағы офицер. 1989 жылы С.М.Киров атындағы Омбы ауылшаруашылық институтына оқуға түсті. Ғалым-агроном дипломымен 1994 жылы «Қарагугинский» кеңшарының басқарушысы, кейіннен «Қарагугинский» кеңшары директорының орынбасары болып еңбек жолын бастады.
Ол кез тұрақсыз уақыт еді, ол өз жеке ісімен айналысуға шешім қабылдайды. 1995 жылдың қазан айында «Ноғайбай» ЖШС жаңа уақыт кезеңін – өзінің еңбек шежіресін бастайды. Ол кезде оңай болған жоқ, ал бүгінде Алтынбек Сейпуллаұлы үлкен жұмыс тәжірибесіне ие, қалыптасқан нарықтық жағдайда жақсы бағдарланады.
Алтынбек Сапаров 25 жылдан астам «Ноғайбай» ЖШС-ін басқарып, Солтүстік Қазақстан облысындағы меценаттықтың жарқын өкіліне айналды.
Кәсіпкер тұрғындардың руханиятына да үлкен көңіл бөледі. Ноғайбай Бийдің 185 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ол Ноғайбай Батырбековке мемориал орнатты, ауыл бастапқыда осы кісінің құрметіне аталған және 2000 жылы атауы қайтарылды. Нысан Солтүстік Қазақстан облысындағы киелі орындар тізіміне енген. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлерінің есімдері қашалған естелік стела орнатылып, 2019 жылдың мамырында оның салтанатты ашылуы өтті.
Кәсіпкер аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайырымдылық көмек көрсетеді.
Алтынбек Сапаровтың артында аз емес марапаттар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар бар.
2005 жылы мемлекеттік наградамен – «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2009 жылғы 4 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
2011 жылғы 10 қарашада «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2015 жылғы 5 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2016 жылғы 29 қарашада ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2018 жылғы 20 маусымда ҚР Президентінің Жарлығымен «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2018 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» республикалық байқауында «Жыл меценаты» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды;
2020 жылы «Парасат» орденін, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алды
2025 жылы II дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алды
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 10-3 шешімі