Маслов Валерий Иванович

1945 жылдың 7 шілдесінде дүниеге келген. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданының «Амангелді» кеңшарында токарь болып бастады.
1962 жылдан бастап Валерий Иванович өзін комсомол және кеңес жұмысына арнады. Ол «Амангелді» кеңшары комсомол комитетінің хатшысынан Ленин аудандық комитетінің екінші хатшысына, обком комсомолының жауапты қызметкері және Возвышен аудандық комитетінің бірінші хатшысына дейінгі жолдан өтті. 1973 жылдан 1982 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Возвышен аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Кейін Валерий Иванович шаруашылық саласына ауысып, бүгінде «Маслов В.И.» ЖК басшылық етеді.
Әріптестері мен жерлестері ол туралы терең құрметпен айтады, оның эрудициясын, сауаттылығы мен шешімталдығын атап өтеді. Валерий Иванович әрқашан тамаша ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілікті өз мойнына ала білуімен, сондай-ақ кез келген күтпеген жағдайларда ұстамдылық пен сабырлылық сақтай білуімен ерекшеленді.
Бүгінде ол СҚО бұрынғы босатылған комсомол қызметкерлерінің «Одак» бірлестігін басқара отырып, белсенді қоғамдық қызметін жалғастыруда. Оның басшылығымен өңірде еңбекке деген сүйіспеншілікке, көпұлтты халықтың дәстүрлеріне құрмет пен өз өлкесіне деген мақтанышқа негізделген жастармен патриоттық және тәрбие жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Осы жұмыс аясында беделді азаматтармен кездесулер, бұқаралық спорттық және мәдени іс-шаралар, Солтүстік Қазақстанның еңбек сіңірген өкілдерін құрметтеу, жергілікті авторлардың кітаптарының тұсаукесері, сондай-ақ көрнекті отандастардың құрметіне ескерткіштер мен мемориалдық тақталар орнату ұйымдастырылады.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 07.08.2020 жылғы № 40-3 шешімі