Фиц Владимир Арнольдович

Көкшетау облысы Шкалов ауданының Андреевка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы бастады. Әскер қатарында қызмет еткеннен кейін (1973-1975 жылдары) «Советский» кеңшарында тракторшы, комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. Еңбек қызметін Возвышенка ауылы ЛКСМ ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің меңгерушісі, Возвышенка аудандық Халық депутаттары Кеңесінің хатшысы ретінде жалғастырды. 1988-1999 жылдары Возвышенка, Булаев аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының меңгерушісі, директоры. 2000-2002 жылдары – «Коммунальник» КМҚК директоры, 2002-2004, 2006-2013 жылдары – Булаево қаласының әкімі. 2013 жылдан 2021 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві» КММ Мағжан Жұмабаев ауданы филиалының директоры.
Мағжан Жұмабаев ауданы «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен 2001, «10 жыл Астана» медалімен 2008, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен 2010, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен 2011, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен 2017, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Алғыс хатымен 2017 марапатталған.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы 25.11. № 33-3 шешімі