Қазанов Болат Сатыбалдыұлы

1953 жылғы 4 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Сулышок ауылында дүниеге келген. Петропавл қаласындағы Калинин атындағы № 2 қазақ мектеп-интернатын бітіргеннен кейін 1970 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп, оны 1975 жылы ғалым агроном мамандығы бойынша бітірді.
40 жыл бойы бүкіл еңбек қызметі СҚО Мағжан Жұмабаев ауданымен байланысты.
1975 жылдан 1982 жылға дейін Булаев ауданы «Комсомольский» кеңшарының бөлімше агрономы, экономисі, бас экономисі болып жұмыс істеді, 1983 жылдан 1992 жылға дейін Булаев аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Комсомольский» кеңшары парткомының хатшысы, Мағжан Жұмабаев кеңшарының директоры болып жұмыс істеді.
1992 жылдан 1998 жылға дейін – «Плодородие» АМКК төрағасы.
1998 жылдан 2003 жылға дейін – жер инспекциясының маманы, жер қатынастары бөлімінің бастығы, 2003 жылдан 2011 жылға дейін – ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары, кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
2011 жылдың мамырынан 2019 жылдың наурызына дейін – СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы филиалы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
«Тәуелсіздікке 20 жыл», «Мәслихаттарға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Белсенді қызмет үшін» төсбелгісімен марапатталған.
5 және 6 шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы 25.11. № 33-3 шешімі