Меню

Страницы

Статья

Уваров Валерий Васильевич

Уваров Валерий Васильевич

1948 жылы туған, Булаево қаласының тумасы, жоғары білімді, 1975 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1966 жылдың қыркүйегінен бастап Булаево элеваторында радиотехник ретінде бастады, № 31 ГПТ дүкенінде жұмысшы болды. Медицина институтын бітіргеннен кейін 1975 жылдан 1976 жылға дейін Петропавл қаласының 1-ші қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өтті.

Дәрігерлік қызметін 1976 жылы Булаево аудандық ауруханасының терапевт дәрігері болып бастады. Терапевт болып жұмыс істей отырып, өзін сауатты маман және жақсы ұйымдастырушы ретінде көрсетті, осы қасиеттерін ескере отырып, 1980 жылы емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды, содан кейін 1991 жылдың желтоқсанынан 2017 жылға дейін Мағжан Жұмабаев ауданының Орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2017 жылы лайықты демалысқа шықты. Көптеген жылдар бойы Орталық аудандық аурухана Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандық ауруханалар арасында бағдарламалық-нысаналы көрсеткіштер рейтингі бойынша бірінші орындарды иеленді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмысы кезінде Уваров Валерий Васильевич екі рет облыстық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат депутаты болып сайланды.

Валерий Васильевич ОАА ұжымының өміріне белсенді қатысады, жиі консультациялық көмек көрсетті, сондай-ақ ауданның қоғамдық-саяси өмірінде белсенді, осы уақытқа дейін «Нұр-Отан» партиясының мүшесі болып табылады.

Уваров Валерий Васильевич пациенттер, әріптестер және аудан жұртшылығы арасында лайықты түрде үлкен беделге ие. Мінсіз еңбек қызметі үшін көптеген грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне мерейтойлық медальмен, 2003 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, 2017 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 2018 жылы Астананың 20 жылдығы құрметіне «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Мағжан Жұмабаев ауданының ОАА «Сала көшбасшысы – 2013» ұлттық сертификатына ие болды. Уваров Валерий Васильевич 2017 жылғы «Даңқ галереясы» айдарындағы «Үздік адамдар» Үлкен Халықаралық Энциклопедиясының кейіпкері болып табылады.

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 07.11. № 22-1 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы