Сихвардт Александр Эдуардович

1953 жылғы 6 шілдеде Жамбыл облысы Көкшетау ауданының Берлик ауылында дүниеге келген, ұлты — неміс. Жоғары білімді, 1976 жылы Қорған мемлекеттік ауылшаруашылық институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1976 жылдың қыркүйегінен бастап Булаев аудандық арнайы шаруашылық бірлестігінде мал шаруашылығы бригадирі, одан әрі бригадир-зоотехник, бас зоотехник болып бастады. 1983 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін Қазақстан Компартиясы Булаев ауданының ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 1983 жылдың қарашасынан бастап «Авангард» кеңшарының директоры, 2012 жылдың сәуірінен зейнеткерлікке шыққанға дейін ЖК Пальчик В.Т.-да қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болып жұмыс істеді.
Сихвардт Александр Эдуардович жұмыс істеген кезеңінде екі рет аудандық Халық депутаттары Кеңесінің, аудандық мәслихаттың депутаты, екі рет облыстық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. 2007 жылдың шілдесінде «Нұр Отан» партиясы съезінің делегаты болды.
Александр Эдуардович ауданның консультациялық көмек көрсету және қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады, ауданда лайықты түрде үлкен беделге ие. Мінсіз еңбек қызметі үшін көптеген грамоталармен және медальдармен марапатталған, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің грамотасы, «Тың жерлерді игергені үшін» медалі бар. 2004 жылы «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалімен, «Астана» медалімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2003 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2007 жылы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 07.11. № 22-1 шешімі