Меню

Страницы

Статья

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

1966 жылғы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоз бухгалтері болып бастаған.

1992-1995 жылдары — Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры.

1995-2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.

2003-2005 жылдары — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

2006 жылы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы.

2006-2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010-2011 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2011-2019 — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019-2022 — ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы – ауданымыздың тумасы, ол ауданның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға сүбелі үлес қосып, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнегелілік пен туған өлкеге деген адалдықтың үлгісі болып келеді.

Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 07.11.2018 ж. № 22/1 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы