Опрышко Алексей Кириллович

1940 жылдың 1 шілдесінде Омбы облысының Щегловка ауылында дүниеге келген. 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1963 жылдан 1968 жылға дейін Омбы облысы Исилькуль аудандық комсомол комитетінің 2-ші хатшысы, Полтава аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. КОКП ОК жанындағы Новосибирск жоғары партия мектебінде оқуын бітіргеннен кейін Полтава аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1975 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенка ауданының «Қарағанды» кеңшарында парторг болып жұмыс істеді. 1980 жылдан бастап осы кеңшардың директорының орынбасары, кейіннен бірінші бөлімшесінің басқарушысы болды. 1997 жылы «Қарағанды» кеңшары қайта ұйымдастырылғаннан кейін «Луч» шаруа қожалығын ұйымдастырып, оның басшысы болды.
Опрышко Алексей Кириллович ШҚ басшысы ретінде Қарағанды ауылында мерекелік іс-шараларды өткізуге, ауылдық округке абаттандыру бойынша, ауылішілік жолдарды қысқы күтіп-ұстауға үнемі қаржылық көмек көрсетеді. Қарағанды орта мектебі оқушыларының тегін тамақтануын қамтамасыз етеді, мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларына қатысады. Өз ұжымында және ауыл тұрғындары арасында құрмет пен беделге ие. Өндірісті жақсы ұйымдастырушы, жоғары білімді басшы, өз ісін жетік біледі. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Мағжан Жұмабаев ауданы Мәслихатының 15.08.2016 ж. № 5/1 шешімі