Омаров Дүйсентай Сәукенұлы

1950 жылдың 1 қазанында Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Қарағанды ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Ленин атындағы Ауылшаруашылық техникумын бітірген. 1983 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген.
Еңбек жолын «Советский» кеңшары бөлімшесінің зоотехнигі болып бастады. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Әскерден оралған соң, Калинин атындағы кеңшарда еңбек қызметін жалғастырды. 1979 жылы «Комсомольский» кеңшарының, кейіннен «Қазақстанның 40 жылдығы» кеңшарының партия ұйымының хатшысы болып сайланды. 1987 жылдан 1990 жылға дейін – Қазақстан Компартиясы Булаев аудандық комитетінің екінші хатшысы. Қазақстан КП таратылғаннан кейін «Чистовский» кеңшарының директоры болып шаруашылық жұмысқа ауысты. 1990 жылдан 1996 жылға дейін – экология және табиғи ресурстар басқармасының бастығы. 1999 жылдан 2005 жылға дейін – ҚР АШМ Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық аумақтық басқармасының бастығы. 2005 жылдан 2007 жылға дейін – Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2007 жылдан бастап жеті жыл бойы аудандық пошта байланысы торабының бастығы болып жұмыс істеді. Аудандық мәслихаттың төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болды.
Аудан бюджетін халық шаруашылығы салалары мен экология мәселелері бойынша пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиялардың құрамына кірді. Азаматтарды қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізеді, ауданның барлық өмірлік маңызды мәселелеріне үңілді. Аудан және оның тұрғындары игілігі үшін жасаған зор жемісті қызметі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек даңқы» II дәрежелі орденімен, көптеген грамоталармен, медальдармен: «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медальдарымен марапатталды.
Омаров Д.С.-ның Қазақстан игілігі үшін жасаған еңбек қызметі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасымен атап өтілді.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының №-6-2 шешімі, 03.11.2016 ж.