Елубаев Қайрат Мендыбайұлы

1968 жылғы 23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев) ауданының Сулышок ауылында дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Ауғанстан соғысының қатысушысы. 2013 жылғы 20 желтоқсаннан бастап «Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастығы» ЗТБ-ның атқарушы директоры.
Мемлекеттік наградалары бар: II дәрежелі «Айбын» ордені, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы» мерейтойлық медальдары, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, Астана қаласының Әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың және басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттары.
Ауған соғысының қатысушысы ретінде Ауғанстан Демократиялық Республикасының «Ерлігі үшін» орденімен, «Ризашылық білдірген ауған халқынан» медалімен, «Жауынгер-интернационалист» белгісімен марапатталған.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының № 6/2 шешімі, 03.11.2016 ж.