Меню

Страницы

Статья

Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы

Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы

1958 жылғы 5 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Сартомар ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын, 1998 жылы Алматы экономика және статистика институтын бітірген, зооинженер, экономист.

Билялов С.С. еңбек жолын 1974 жылы Возвышен ауданының Молодогвардейцев атындағы кеңшарында ветеринарлық санитар болып бастады, кейін Бишкөл ауданының кеңшарларында зоотехник, бас зоотехник, «Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданының Аралағаш кеңшары» директоры болып жұмыс істеді. 1993 жылдан 1999 жылға дейін – Қызылжар ауданының «Бишкөл құс фабрикасы» ААҚ президенті. 1999 жылдан 2003 жылға дейін – Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, 2003 жылдан 2004 жылға дейін – Есіл ауданының әкімі, 2004 – 2007 жылдары – Қызылжар ауданының әкімі, 2007 жылдың наурызынан қазанына дейін – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007 жылдан 2013 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2013 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Билялов С.С.-ның еңбек қызметі ұзақ жылдар бойы Солтүстік Қазақстан облысында өтті. Саяси және мемлекет қайраткері ретінде Серік Сұлтанғазыұлы туған Булаев ауданында әкім болып жұмыс істеген кезеңде қалыптасты. Ол ауданның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға лайықты үлес қосты. Оның бастамасымен 2000 жылы аудан Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды, Булаево қаласының орталық алаңында Мағжанға бюст орнатылды. Аудан әкімінің тікелей қолдауымен мұсылмандарға арналған ғибадат орны – мешіт ашылды.

 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып жұмыс істеген кезеңде Билялов С.С. ауданға Мағжан Жұмабаев мұражайының мәртебесін белгілеуге, тарихи-өлкетану мұражайын, «Достық» демалыс саябағын ашуға, Сартомар орта мектебінде интернат ашуға, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіруге, «Балдаурен» балабақшасы мен бірқатар шағын орталықтарды ашуға жәрдемдесті және көмектесті. Ел Парламентінің жоғарғы палатасы – Сенаттың депутаты ретінде өзінің сайлауалды бағдарламасының орындалуына дәйекті және табанды түрде қол жеткізді, облыстың мүддесін қорғап, жерлестерінің жоғары сенімін ақтады.

«Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен, «Астана», Астанаға – 10 жыл медальдарымен, «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне – 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Мағжан Жұмабаев ауданы Мәслихатының 15.08.2016 ж. № 5/1 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы