Меню

Страницы

Статья

Шайбель Андрей Андреевич

Шайбель Андрей Андреевич

1937 жылдың 24 ақпанында дүниеге келген. 1963 жылдан 1972 жылға дейін Молодогвардейцев атындағы кеңшарда комбайншы болып жұмыс істеді, содан кейін 1972 жылдан 1994 жылға дейін трактор-егіс бригадасының бригадирі болды. 1994 жылдан бастап гараж меңгерушісі болып жұмыс істеп, 57 жасында лайықты демалысқа шықты. Өндірісте көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау науқаны кезінде адал еңбек етті, күнделікті тапсырмаларды орындап, асыра орындады, өзіне сеніп тапсырылған техника мен мүлікке ұқыпты қарады.

1970 жылы КСРО ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІ ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ атынан «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен, 1970 жылы КСРО халық шаруашылығын дамытуда қол жеткізген табыстары үшін күміс медальмен, 1967, 1971 жылдары «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1972 жылы жұмыстағы жетістіктері үшін Ленин орденімен, 1974 жылы «1973 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен, 1976 жылы «Еңбек даңқы 3-ші дәрежелі» орденімен марапатталды.

1967, 1970, 1971 жылдары КСРО ХШЖК (ВДНХ) қатысушысы болып бекітілді. 1968 жылы Шайбель Андрей Андреевичке «Еңбек сіңірген егінші» құрметті атағы берілді, 1969 жылы «Бесжылдықтың екпіндісі» құрметті атағы берілді. Жыл сайын грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып отырды.

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 08.08.2013 ж. № 15/1 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы