Меню

Страницы

Статья

Шайхутдинов Еренғайып Мәлікұлы

Шайхутдинов Еренғайып Мәлікұлы

1933 жылы 10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Октябрь ауылында дүниеге келген. Булаев ауданының (қазіргі М.Жұмабаев ауданы) Чистов орта мектебін бітірген. Ғалым, химия ғылымдарының докторы (1976), профессор (1976), ҚР ҰҒА академигі (1994), Халықаралық инженерлік академияның академигі (1997), Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі (1996), Халықаралық шығармашылық академиясының академигі (Мәскеу қ., 1992), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991).

М. Ломоносов атындағы Мәскеу жұқа химиялық технология институтын бітірген (1956). 1956-58 жж. Қарағанды синтетикалық каучук зауытының ауысым бастығы. 1959-62 жж. М. Ломоносов атындағы Мәскеу жұқа химиялық технология институтының аспиранты.

1963-71 жж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың химия факультетінің жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының аға оқытушысы, доценті, меңгерушісі. 1983-88 жж. кафедра меңгерушісі, 1988-95 жж. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының физикалық және аналитикалық химия кафедрасының профессоры. 1978-92 жж. Д. Менделеев атындағы БХО Орталық басқармасы президиумы кеңесінің мүшесі, В.И. Ленин атындағы Қаз ПТИ-дың проректоры, ғылыми кеңес төрағасының орынбасары, 1994-2000 жж. Қ. Сәтбаев атындағы Қаз ҰТУ-дың ректоры. 2001 жылдан бастап Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың мұнай, газ және полимерлерді өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасының профессоры.

«Құрмет» орденімен, Ы. Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. Солтүстік Қазақстан университетінің құрметті профессоры, 1997 жыл. 9 монографияның, 5 оқулықтың, 100-ге жуық авторлық куәліктер мен өнертабыс патенттерінің авторы.

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 10.12.2010 ж. № 28/1 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы