Олжабаев Зейнолла Олжабайұлы

1930 жылғы 15 қарашада Булаев ауданының Стаханов атындағы ұжымшарында дүниеге келген. 1950 жылы мектепті бітіргеннен кейін Мәскеу ветеринарлық академиясына оқуға түсіп, оны 1955 жылы бітірді. 1955 жылдан бастап Возвышенский кеңшарының №5 бөлімшесінде зоотехник болып жұмыс істеді. 1958 жылдың шілдесінде Конюхов аудандық ауылшаруашылық инспекциясына бас зоотехник болып ауыстырылды. 1961 жылдың наурызында, Конюхов ауданы қайта құрылғаннан кейін, Қарағанды кеңшарының бас зоотехнигі болып тағайындалды.
1970 жылдың ақпанында Булаев ауданы Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1968, 1971 жылдары КСРО ХШЖК (ВДНХ) қатысушысы болды. 1992 жылдың қыркүйегінен бастап зейнеткерлікке шығып, уақытша бас зоотехник болып жұмыс істеді. 1995 жылдан 1998 жылға дейін – аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Бірнеше рет аудандық Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Құрмет Белгісі» орденімен (1981 ж.), «Еңбек ардагері» медалімен (1985 ж.), «Тыңға 50 жыл» (2004 ж.), «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 27.06.2013 ж. № 12/3 шешімі