Меню

Страницы

Статья

Физов Алексей Савельевич

Физов Алексей Савельевич

1922 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Раевка ауылында дүниеге келген.

Раевка мектебінің мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Полудин орта мектебінің директоры. Тарихшы, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

Оның қаламына туған Раевка ауылының, Полудин станциясының тарихы бойынша өлкетану зерттеулері, Солтүстік Қазақстан облысының тарихы бойынша очерктер тиесілі. Соғыс оның туған күні – 22 маусымда басталды. Шақыру қағазын алып, аудандық әскери комиссариаттың шақыру пунктіне келді. А.С. Физов 64-армияның 29-атқыштар дивизиясы құрылып жатқан Ақмола қаласына түсті. Жас жауынгер курсынан өткеннен кейін оны барлау ротасына жіберді. 1942 жылдың қыркүйегінде А.С. Физов ауыр жараланып, контузия алды. 1943 жылдың қаңтарында туған Раевкасына оралып, избач болып жұмыс істей бастады. Изба-оқу үйі клубта орналасты. Кітаптар аз болды және халықтан жинауға тура келді. Кейін Полудин аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып тағайындалды, ал кейінгі барлық жылдарын Полудин мектебінде жұмыс істеп, педагогикалық еңбекке арнады, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі атанды.

Екі Отан соғысы орденімен, оның бірі «Сталинградты қорғағаны үшін» және 16 медальмен марапатталған, Қазақ КСР-інің ағарту ісінің үздігі атағына ие болған.

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 10.12.2010 ж. № 28/1 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы