Оразалин Аманбол Мұхамедқалиұлы

1951 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының Октябрь ауылында дүниеге келген.
1973 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын, 1985 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1973-1977 жж. – Преснов ауданының «Северный» кеңшарының, «Благовещенский» кеңшарының агрономы, Жамбыл ауданының «Жамбыл» кеңшарының агроном-тұқым өсірушісі. 1977 ж. – Ленин аудандық Ауыл шаруашылығы басқармасының аға агрономы. 1977-1978 жж. – Ленин аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1978-1983 жж. – Соколов аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1985-1986 жж. – Соколов аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1987-1992 жж. – Возвышенка аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1992-1995 жж. – Возвышенка аудандық әкімшілігінің басшысы. 1995-1996 жж. – Возвышенка ауданының әкімі. 1996-1998 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. 1998 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы. Медальдармен марапатталған.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 27.06.2013 ж. № 12/3 шешімі