Меню

Страницы

Статья

Квашин Иван Иванович

Квашин Иван Иванович

1936 жылғы 23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының Ильинка ауылында дүниеге келген.

Ленин ауылшаруашылық техникумын бітіргеннен кейін Қарағанды облысының «Айнабұлақ» кеңшарына жіберілді. Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткеннен кейін, 1958 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданының «Интернациональный» кеңшарына агроном болып жұмысқа қабылданды, содан кейін 1962 жылы «Городецкий» кеңшарының бас агрономы болып тағайындалды. Бір мезгілде Целиноград ауылшаруашылық институтында оқып, ғалым-агроном біліктілігін алды.

1970 жылғы сәуірде Булаев ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып тағайындалды.

1974 жылғы сәуірде Булаев аудандық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1981 жылы Булаев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Квашин И.И. 20 жыл еңбек қызметін Булаев ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына арнады. Аудандық атқару комитетінің төрағасы бола отырып, Төлебеков Қ.Х.-мен (ол кезде Булаев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы) ынтымақтастықта жұмыс істеді.

Бұл ауыл шаруашылығының өрлеу жылдары, ауданда егіншілік пен мал шаруашылығының дамуындағы тұрақты көрсеткіштер жылдары болды. Барлық ауылшаруашылық процестерін жоғары механикаландыру, халықтың барлық топтарының әл-ауқатының өсуі, ауылда және аудан орталығында үлкен құрылыс жылдары болды. Квашин И.И.-ге осы жылдары ауданға жалпы басшылықты қамтамасыз етуге тура келді.

Шебер басшылықтың арқасында Булаев ауданы көптеген көрсеткіштер бойынша облыстағы үздіктердің бірі болды. Квашин И.И. үлкен еңбекқорлығымен ерекшеленді, атқарушы, өзіне және айналасындағы адамдарға талап қоя білетін адам болды.

Тәжірибелі басшы ретінде 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің еңбек және әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі, содан кейін 1991 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды және 1996 жылғы қазанда лайықты демалысқа шыққанға дейін жұмыс істеді. Белсенді адам бола отырып, «Қамқорлық» облыстық қоғамдық қорында жұмысын жалғастырды.

Партия, кеңес және шаруашылық органдарындағы көпжылдық, белсенді, табысты жұмысы үшін «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Қазан революциясы» ордендерімен, «Халық шаруашылығындағы табыстары үшін» күміс және қола медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. Тәуелсіз Қазақстанды құруға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медальдарымен аталып өтті.

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 28-1 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы