Меню

Страницы

Статья

Зенченко Василий Дмитриевич

Зенченко Василий Дмитриевич

1930 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданы, Ильинка ауылында дүниеге келген.

1949 жылы Ленин ауылшаруашылық техникумын бітірді. 

1950 жылдан бастап Ақмола облысы, Кендаик ауданы, «Челкарский» кеңшарының зоотехнигі. 1957-1958 жж. - Ленин аудандық ауылшаруашылық инспекциясы Пушкин машина-трактор станциясының бас зоотехнигі. 1961-1969 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданы, «Пушкинский» кеңшарының директоры.

1969-1970 жж. Булаев ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, кейіннен Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

1970-1978 жж. - Возвышен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1978-1985 жж. облыстық партия комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 1985-1990 жж. - облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. 1990 жылдан бастап, еңбек демалысында бола отырып, Петропавл қаласында тұрды. Ленин орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 

Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 10.12.2010 ж. № 28-1 шешімі

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы