Дубовик Геннадий Федорович

1934 жылдың 7 наурызында Белорус КСР-і Минск облысының Столбцы қаласында дүниеге келген.
1961 жылы Петропавл педагогикалық институтының география факультетін бітірген.
1952-1958 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданының Белоглин, Соколов мектептерінде математика мұғалімі болып жұмыс істеді. 1958-1991 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Октябрь орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі. 1961-1969 жылдары – Семиполь орта мектебінің директоры. 1969-1971 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданы Якорь орта мектебінің директоры. 1971 жылы – Петропавл арнайы мектебінің директоры.
1971 жылдың желтоқсанында Булаев халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып, 1997 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін бұл қызметте 20 жылдан астам жұмыс істеді. Аудан мектептерінде оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру ісіне көп күш-жігер жұмсады. Оның басшылығымен аудан педагогтары оқытудың жаңа технологияларын игеріп, мектептегі білім беру жүйесін жетілдіріп, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттырды.
Көрегенділігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Дубовик Г.В. ауданда күшті кәсіби педагогикалық ұжым қалыптастырды.
Педагогикалық және қоғамдық қызметі «КСРО ағарту ісінің үздігі», «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» атақтарымен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «1973 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен, «Оныншы бесжылдықтың екпіндісі» белгісімен лайықты түрде атап өтілді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Президент Н.Ә.Назарбаев оған алғыс хатында халық пен мемлекет игілігі үшін адал еңбегі үшін ризашылығын білдірді.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 10.12.2010 ж. № 28-1 шешімі