Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 4,11 трлн теңгеге ұлғайды

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  23,10 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,11 трлн теңгеге немесе 21,7%-ға артты.

2025 жылдың 1 мамырына міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,05 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 20,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 661,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,5%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі 8,38 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 мамырына 374,30 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2025 жылдың 4 айы ішінде салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналарының мөлшері – 1,03 трлн теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 20,8% немесе 177,82 млрд теңге).

Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 мамырына 852,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 12,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 46,47 млрд теңге (өсім - 20%), ЕЗЖ – 1,05 млн теңге (өсім – 7,3%) түсті. 2025 жылдың 4 айында ЖМЗЖ 133,86 млрд теңгені құрады.

 

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың 4 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 525,25 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 2 есе дерлік немесе 239,79 млрд теңгеге көп.

Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 307,34 млрд теңге. 

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,75% ұлғайып, 01.05.2025ж. 80,53 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 686 теңге. 

Жыл басынан бастап 01.05.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 23,10 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 12,21 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,08 млрд теңге, жерлеуге – 3,60 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 97,39 млрд теңге аударылды.

 

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,52 млн. бірлік (жыл бойғы өсім – 1,51 млн бірлік немесе 9,4%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 мамырына 12,55 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 733,06 мыңы - МКЗЖ бойынша, 448,61 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,97 млн бірлік. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

 

Дата публикации
29 мая 2025
Дата обновления
29 мая 2025
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы