Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі, Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыс берушілері және Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған КЕЛІСІМ

 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі, Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыс берушілері және Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған

КЕЛІСІМ

 

Әлеуметтік әріптестікті нығайту және дамыту және Қазақстан Республикасының заңнамасында өкілдік ететін тараптардың әрқайсысының (мемлекет, қызметкерлер мен жұмыс берушілер) мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамдық келісімді нығайту үшін бұдан әрі Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүлтіксіз сақталуын мойындай отырып, Тараптардың тепе-тең өкілдігі мен тең құқықтылығы, қабылданған міндеттемелерді және сындарлы өзара іс-қимылды орындағаны үшін әрбір Тараптың өзара сыйластығы мен жауапкершілігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі, Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыс берушілері және Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған келісім (бұдан әрі – Келісім) жасады.

          Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Келісім:

- әлеуметтік әріптестік және диалог;

- бағдарламалық және стратегиялық құжаттар;

- еңбек нарығы, халықты жұмыспен қамту;

- еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау;

- әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдерден сақтандыру және оның алдын алу жөніндегі іс-шаралар;

- Келісімнің орындалуын бақылау тәртібі;

- өзіне алған міндеттемелерін орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы ережелерді қамтиды.

         

  1. ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК ЖӘНЕ ДИАЛОГ

 

Келісім шеңберінде  әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту үшін Тараптар өзіне міндеттемелер қабылдады:

1.1. өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестіктің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін келісу жөніндегі әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) рөлін күшейту жөніндегі бірлескен жұмыс бойынша.

Тараптар өңірлік үш жақты комиссияның отырыстарында тұрақты түрде бірлескен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарға тікелей байланысты өзге де мәселелерді реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақытылы және сапалы орындауға міндеттенеді.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиялардың оларға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылдаған шешімдерін әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары көрсетілген мерзімде міндетті түрде қарап, орындауы тиіс;

1.2. әлеуметтік әріптестік институтын реформалау арқылы өз өкілдерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау бойынша кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) стратегиялық рөлін арттыру бойынша.

Тараптар тиісті деңгейдегі келісімдер жасау бойынша әлеуметтік әріптестікке жәрдем көрсете алады;

1.3. Ұйымдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін келісу жөніндегі комиссияның рөлін күшейту, оның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де мәселелерді реттеу, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдарға әлеуметтік әріптестік келісімдерінің және ұжымдық шарттардың міндеттемелерін іске асыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен стратегиялық құжаттардың жобаларын әзірлеудегі және (немесе) талқылаудағы бірлескен жұмыс бойынша;

1.4. әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша;

1.5. әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық үш жақты комиссия туралы ережеге сәйкес жұмыс жүргізу бойынша.

 

  1. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

 

Келісім шеңберінде адами капиталдың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, орнықты экономикалық өсу, барлық қазақстандықтар үшін өмір сапасының жоғары стандартына қол жеткізу үшін жағдайлар жасау үшін Тараптар өзіне мынадай міндеттемелер қабылдады:

2.1. адал бәсекелестікке, инвестицияларды белсенді тартуға, технологиялық трансферт пен адами капиталдың жоғары деңгейіне негізделген экономикалық дамудың ашық және болжамды моделін құру үшін орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатты іске асыруға жәрдемдесу бойынша;

2.2. азаматтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу бойынша Тараптардың бірлескен күш-жігері азаматтардың зияткерлік әлеуетін ашуға, жаңа білім алуға жәрдемдесуге және оларды экономикаға тез әрі тиімді енгізу үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Тараптар адами капитал ұлттық байлық болып табылады деп есептейді және медициналық көмекті ұдайы жақсарту, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, сапалы жұмыс орындарын құру және кәсіптік дағдыларға оқыту және кәсіптік біліктілікке кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ету адами капиталды дамытуға және одан әрі ұйымшыл қоғам құруға ықпал етеді. 

Білім, дағдылар және денсаулық адами капиталдың негізгі сипаттамалары болып табылады, өз кезегінде, адами капитал тұрақты экономикалық өсудің және елдегі қажетті өзгерістердің негізі болып табылады.

2.3. Қазақстан Республикасының 2023 – 2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы шеңберінде ашық экономиканың ілеспе факторы ретінде көші-қон процестерін, оның ішінде еңбек саласында реттеуді дамыту бойынша;

2.5. «2029 жылға дейін халықтың табысын  арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру үшін көзделген шараларды өзектілендіру бойынша;

2.6. Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі кезеңде тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету бойынша;

2.7. лайықты еңбек жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша.

 

  1. ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

 

Келісім шеңберінде еңбек нарығын дамыту және халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

3.1. сапалы жұмыс орындарына жағдай жасау және жұмыссыздар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті еңбек нарығын қалыптастыру бойынша;

3.2. өмір бойы оқыту үшін ұлттық біліктілік шеңберін, салалық біліктілік шеңберлерін, кәсіптік стандарттарды, кәсіптер тізілімін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру; кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту; өндірісішілік оқытуды және озыңқы кәсіптік оқытуды дамыту және кәсіптік біліктілікті, оның ішінде босатылатын қызметкерлерді тану рәсімдерінен өту; тәлімгерлік институтын дамыту және танымал ету; «Жаңа кәсіптер атласын» өзектілендіру және қолдану бойынша;

3.3. мамандықтар бөлінісінде өңір экономикасының кадрларға жыл сайынғы болжамды қажеттілігін айқындау; кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту; өндірісішілік оқытуды дамыту, тәлімгерлік институтын дамыту және танымал ету бойынша;

3.4. еңбек ұтқырлығы мен көші-қонды ынталандыру, еңбек қатынастарын ресімдеу және стандартты емес жұмыспен қамтудың барлық түрлерінде әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту; жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту жағдайларын болдырмау, еңбек жағдайларын сақтамау, біліктілігі бірдей болған кезде тең еңбек үшін еңбекақы төлеудегі диспропорция фактілеріне жол бермеу бойынша;

3.5. бұқаралық ақпарат құралдары мен заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық пиар-кампаниялар арқылы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, оның ішінде «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізу бойынша;

3.6. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен бірлесіп, өзара консультациялар өткізу және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру жөніндегі шұғыл іс-шаралар жоспарларын әзірлеу үшін Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен СҚО Кәсіподақ орталығын жұмысшыларды жаппай босату қаупі туралы (жұмыс істейтіндер санының 10%-інен астамы) ақпараттандыру бойынша.

 

  1. ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

 

   Келісім шеңберінде Тараптар еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді адами капиталды сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұлттық басымдықтардың бірі деп санайды және өзіне міндеттемелер қабылдайды:

4.1. ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген инфляциядан төмен емес деңгейге сүйене отырып, экономиканың нақты секторы ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыны міндетті индекстеуді жүргізу;

4.2. 2030 жылға дейінге қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат және бағдарлама бойынша және еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесінің  компенсаторлық жүйеден тәуекелге бағдарланған модельге көшуі бойынша;

4.3. 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде гендерлік саясат және кемсітушілікке қарсы шаралар мәселелері бойынша кәсіпорын басшыларын оқытуды ұйымдастыру жолымен әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою бойынша;

4.4. еңбекті қорғау шарттары бойынша Кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуге белсенді қатысу бойынша;

4.5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың техникалық инспекторлар мен өндірістік кеңестердің мүшелерін жүйелі негізде мерзімді даярлауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жетілдіру бойынша;

4.6. ұзақтығы кемінде күнтізбелік үш күн қосымша ақылы демалыс, ай сайынғы қосымша төлемдер, көтермеақы және т.б. бере отырып, техникалық инспекторлардың жұмысын ынталандыру бойынша;

4.7. әкімдік күшімен мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың қоғамға кірігуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі пәрменді шараларды іске асыруға жәрдемдесу бойынша;

4.8. еңбек қатынастарының белгілері болған жағдайда жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық шарттар жасауға жол бермеу бойынша;

4.9. қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмысты ұйымдастыру және өткізу бойынша (кеңестер, семинарлар, тренингтер, конференциялар және т.б.);

4.10. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау мониторингі жүйесін дамыту бойынша, оның ішінде Комиссия отырыстарында өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік сырқаттанушылықтың жай-күйі туралы ақпаратты қарау бойынша.

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАҚТЫҒЫСТАРЫ МЕН ЕРЕУІЛДЕР

 

Келісім шеңберінде әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдерден сақтандыру және оның алдын алу үшін Тараптар өзіне мынадай міндеттемелер қабылдады:

5.1. еңбек даулары мен жанжалдарын шешуге жәрдемдесу, ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамыту және Комиссия отырыстарында кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарау бойынша;

5.2. еңбек даулары мен жанжалдарын шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамыту, әлеуметтік-еңбек саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша;

5.3. жұмыскерлер, жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу бойынша;

5.4. әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу бойынша.

 

  1. КЕЛІСІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ТӘРТІБІ

 

6.1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі атынан құрылымдық бөлімше өзінің ресми интернет-ресурсында «Әлеуметтік әріптестік» бөлімінде әлеуметтік әріптестікке байланысты барлық құжаттардың, оның ішінде Келісімнің, оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының, ол бойынша мерзімді есептіліктің (жылына кемінде 2 рет);  Үш жақты комиссия туралы ереженің, оның отырыстарының барлық хаттамаларының орналастырылуын қамтамасыз етеді.

6.2. Тараптар осы Келісімге қол қойған күнінен бастап бір ай мерзімде өзіне қабылданған міндеттемелерді орындау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастырады және оны Комиссияда одан әрі қарап, бекіту үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жіберуге міндетті.

6.3. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингілеу Комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингілеу қорытындылары бойынша Комиссия Тараптардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдайды.

6.4. Тараптар Келісімді іске асыру, Комиссия қызметі, әлеуметтік әріптестікті және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелеріне арналған материалдарды өздерінің ресми интернет-ресурстарында тұрақты негізде жариялайды.

 

  1. ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

 

7.1. Тараптар осы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық Тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымша келісімдермен ресімделеді және егер құжатта басқа күн көрсетілмесе, оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енегізіледі.

7.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген және (немесе) Келісімнің кез келген тарапының міндеттемелерін орындауға тікелей ықпал ететін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, Тараптар оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселені қарауға міндетті.

7.3. Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге қол қойылған күнінен бастап ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен өзгертілген редакциядағы келісім мәтінімен бірге ресми түрде жариялануы тиіс.

7.4. Қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзім ішінде Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкестендіріледі.

 

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

8.1. Тараптар Келісім шеңберінде өзіне алған міндеттемелерін орындамағаны, сондай-ақ, Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат беруге, аталған келіссөздерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес Келісімді өзгерту немесе толықтыру жөніндегі келіссөздерге қатысқаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар айқындаған мерзімдерде Комиссияның жұмысын қамтамасыз етпегені үшін жауапты болады.

8.2. Тараптар бір-бірінің қызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ кәсіподақтар сондай-ақ жұмыс берушілер бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын) қалыптастыру, олардың жұмысы мен қызметіне кедергі жасауға және (немесе) шектеу жағдайларын жасауға жол бермейді.

8.3. Келісімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұғымдар пайдаланылады.

8.4. Келісімнің күші белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне қолданылады.

8.5. Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енгізіледі және келесі кезеңге арналған келісім күшіне енгенге дейін қолданылады.

Келісім Булаев қаласында 2024 жылғы «6» мамырда. Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалды.  

 

 

Осы Келісімге қол қойды:

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінен:

 

Аудан әкімініңорынбасары-

Үш жақты комиссияның тқрағасы

 

А.С. Шәріпов  

 

 

___________________

 

 

 

Кәсіптік одақтан:

 

 

Солтүстік Қазақстан салалық

кәсіптік одағының Білім және ғылым қызметкерлерінің» ҚБ

«Мағжан Жұмабаев аудандық комитеті» филиалының төрағасы

 

Н.А. Пащенко

__________________

 

 

 

Жұмыс берушілер бірлестіктерінен:

 

Мағжан Жұмабаев ауданы

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының төрағасы

 

С.В. Юдаков                                           

__________________

 

 

ЖК «Кухаренко В.В.»

 

ВВ Кухаренко                                                         

 

 

__________________

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СОГЛАШЕНИЕ

между акиматом района Магжана Жумабаева

 Северо-Казахстанской области, работодателями района Магжана Жумабаева и профессиональными союзами

района Магжана Жумабаева

 на 2024-2026 годы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

г. Булаево, 2024 год

СОГЛАШЕНИЕ

между акиматом района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области, работодателями района Магжана Жумабаева и профессиональными союзами района Магжана Жумабаева

на 2024 – 2026 годы

 

Полномочные представители сторон социального партнёрства на региональном уровне для укрепления и развития социального партнёрства и достижения баланса интересов каждой из представляемых сторон (государство, работники и работодатели) в законодательстве Республики Казахстан, достижения социальной стабильности и укрепления общественного согласия, именуемые в дальнейшем Стороны, а по отдельности Сторона, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, признавая его неукоснительное соблюдение, руководствуясь принципами паритетного представительства и равноправия Сторон, взаимного уважения и ответственности каждой Стороны за выполнение принятых обязательств и конструктивного взаимодействия, заключили настоящее Соглашение между акиматом района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области, работодателями района Магжана Жумабаева и профессиональными союзами района Магжана Жумабаева на 2024 – 2026 годы (далее – Соглашение).

          Соглашение в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан включает положения о (об):

          - социальном партнёрстве и диалоге;

          - программные и стратегические документы;

          - рынке труда, занятости населения;

          - условиях и охране труда;

          - мероприятиях по предупреждению и предотвращению социально-трудовых конфликтов и забастовок;

          - порядке контроля за исполнением Соглашения;

          - ответственности сторон за невыполнение взятых на себя обязательств.

         

  1. Социальное партнЁрство и диалог

 

В рамках Соглашения для развития социального партнёрства и диалога, Стороны приняли на себя следующие обязательства:

1.1. по совместной работе по усилению роли районной трехсторонней комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений (далее – Комиссия) по согласованию интересов работников и работодателей для обеспечения эффективной деятельности социального партнерства на уровне района.

Стороны обязуются регулярно проводить совместные консультации и переговоры на заседаниях районной трехсторонней комиссии, а также полное, своевременное и качественное исполнение её решений по вопросам регулирования трудовых отношений, и иных, непосредственно связанных с трудовыми отношениями, а также социально-экономических отношений.

Решения трёхсторонних комиссий по социальному партнёрству и регулированию социальных и трудовых отношений, принятые с целью выполнения возложенных на них задач, подлежат обязательному рассмотрению и исполнению в указанный срок всеми сторонами социального партнёрства;

1.2. по повышению стратегической роли профессиональных союзов и работодателей по представлению и защите трудовых и социально-экономических прав и законных интересов своих представителей через реформирование института социального партнёрства.

Стороны могут оказывать содействие в социальном партнёрстве по заключению соглашений соответствующего уровня;

1.3. по совместной работе по усилению роли Комиссии по согласованию интересов работников и работодателей для обеспечения эффективной деятельности организаций, в том числе в разработке и (или) обсуждении проектов нормативных правовых актов и стратегических документов по вопросам регулирования социально-трудовых отношений и иных, непосредственно связанных с трудовыми отношениями, а также по содействию предприятиям и организациям в реализации обязательств соглашений социального партнерства и коллективных договоров;

1.4. по проведению совместных мероприятий, направленных на развитие социального партнёрства и диалога;

1.5. по проведению работы согласно Положению о районной трехсторонней комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений.

 

  1. ПРОГРАММНЫЕ И СТРАТЕГИЧЕСКИЕ ДОКУМЕНТЫ

 

В рамках Соглашения, для создания условий для повышения качества и конкурентоспособности человеческого капитала, устойчивого экономического роста, достижения высокого стандарта качества жизни для всех казахстанцев, Стороны приняли на себя следующие обязательства:

2.1. по содействию в реализации экономической политики на среднесрочный период для построения открытой и предсказуемой модели экономического развития, базирующейся на честной конкуренции, проактивном привлечении инвестиций, технологическом трансферте и высоком уровне человеческого капитала;

2.2. по содействию обеспечения роста благосостояния граждан и повышения конкурентоспособности экономики; совместные усилия Сторон будут сфокусированы на раскрытии интеллектуального потенциала граждан, содействии генерации новых знаний и создании условий для быстрого и эффективного их внедрения в экономику.

Стороны считают, что человеческий капитал является национальным богатством и постоянное улучшение медицинской помощи, обеспечение качественного образования, создание качественных рабочих мест и обучение профессиональным навыкам и обеспечение широкого доступа к профессиональным квалификациям способствуют развитию человеческого капитала и дальнейшему построению сплоченного общества. 

Знания, навыки и здоровье являются ключевыми характеристиками человеческого капитала, в свою очередь, человеческий капитал является основой устойчивого экономического роста и необходимых преобразований в стране;

2.3. по развитию регулирования миграционных процессов, в том числе в сфере труда, как сопутствующий фактор открытой экономики, в рамках Концепции миграционной политики Республики Казахстан на
2023 – 2027 годы;

2.5. по актуализации мер, предусмотренных в реализацию Комплексного плана «Программа повышения доходов населения до
2029 года»;

2.6. по продвижению Целей устойчивого развития на период до
2030 года в Республике Казахстан;

2.7. по разработке программы по достойному труду.

 

  1. РЫНОК ТРУДА И ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ

 

В рамках Соглашения для развития рынка труда и содействия эффективной занятости населения Стороны приняли на себя следующие обязательства:

3.1. по созданию условий для качественных рабочих мест и расширению возможностей трудоустройства для безработных, формированию инклюзивного рынка труда;

3.2. по разработке и (или) актуализации национальной рамки квалификаций для обучения в течение всей жизни, отраслевых рамок квалификаций, профессиональных стандартов, реестра профессий; развитию системы профессиональной ориентации; развитию внутрипроизводственного обучения и опережающего профессионального обучения и прохождению процедур признания профессиональных квалификаций, в том числе  высвобождаемых работников; развитию и популяризации института наставничества; актуализации и применению «Атласа новых профессий»;

3.3. по определению ежегодной прогнозной потребности экономики региона в кадрах в разрезе специальностей; развитию системы профессиональной ориентации; развитию внутрипроизводственного обучения, развитию и популяризации института наставничества;

3.4. по стимулированию трудовой мобильности и миграции, формализации трудовых отношений и расширению социальных гарантий во всех видах нестандартной занятости; предотвращению случаев нелегального привлечения работодателями иностранной рабочей силы, недопущению фактов несоблюдения условий труда, диспропорции в оплате труда за равный труд при одинаковой квалификации;

3.5. по повышению престижа рабочих профессий посредством информационных пиар-кампаний с использованием средств массовой информации и современных информационных технологий, в том числе проведение Республиканского конкурса «Еңбек жолы»;

3.6. по информированию управления координации занятости и социальных программ, управление государственной инспекции труда и Профсоюзный центр СКО об угрозе массового высвобождения работающих (более 10 % от числа работающих) для проведения совместно с акиматом района Магжана Жумабаева взаимных консультаций и разработке Планов экстренных мероприятий по переподготовке сокращаемых работников и их дальнейшему трудоустройству.

 

  1. УСЛОВИЯ И ОХРАНА ТРУДА

 

            В рамках Соглашения Стороны считают обеспечение безопасности жизни и здоровья работников в процессе трудовой деятельности одним из национальных приоритетов в целях сохранения человеческого капитала, улучшения условий труда, обеспечения охраны труда, промышленной и экологической безопасности и принимают на себя обязательства:

4.1. проведение обязательной индексации заработной платы работникам организаций реального сектора экономики исходя из уровня не ниже инфляции, определенного на 1 января текущего года, согласно нормативным правовым актам РК;

4.2. по национальной политике и программе в сфере охраны труда и переходу национальной системы управления охраной труда от компенсаторной к риск ориентированной модели в рамках реализации Концепции безопасного труда до 2030 года;

4.3. по содействию в решении гендерных проблем в сфере социально-трудовых отношений, в том числе путём организации обучения руководителей предприятий по вопросам гендерной политики и антидискриминационным мерам, а также искоренению наихудших форм детского труда в рамках реализации Концепции семейной и гендерной политики в Республике Казахстан до 2030 года;

4.4. по активному участию во внедрении Цифровой карты предприятий по условиям охраны труда;

4.5. по совершенствованию деятельности производственных советов по безопасности и охране труда и технических инспекторов по охране труда, по обеспечению периодической подготовки технических инспекторов и членов производственных советов на системной основе;

4.6. по мотивации работы технических инспекторов, предоставляя дополнительные оплачиваемые отпуска продолжительностью не менее трех календарных дней, ежемесячные доплаты, поощрения и др.;

4.7. по содействию в реализации силами акимата действенных мер по трудоустройству лиц с инвалидностью, усилению их социальной поддержки и созданию условий для их интеграции в общество;

4.8. по недопущению заключения гражданско-правовых договоров с физическими лицами при наличии признаков трудовых отношений;

4.9. по организации и проведению информационно-разъяснительной и консультативной работы по вопросам безопасного труда (совещания, семинары, тренинги, конференции и т.д.);

4.10. по развитию системы мониторинга условий и охраны труда, в том числе по рассмотрению на заседаниях Комиссии информации о состоянии безопасности и охраны труда, производственного травматизма, профессиональной заболеваемости в районе.

 

  1. СОЦИАЛЬНО-ТРУДОВЫЕ КОНФЛИКТЫ И ЗАБАСТОВКИ

 

В рамках Соглашения, для предупреждения и предотвращения социально-трудовых конфликтов и забастовок, Стороны приняли на себя следующие обязательства:

5.1. по содействию в разрешении трудовых споров и конфликтов, развитию практики коллективно-договорного регулирования и по рассмотрению на заседаниях Комиссии проблемных вопросов предприятий;

5.2. по совершенствованию действующего порядка разрешения трудовых споров и конфликтов, развитию практики коллективно-договорного регулирования, по противодействию правонарушениям в социально-трудовой сфере;

5.3. по проведению совместных семинаров и тренингов для работников, работодателей по разъяснению основ трудового законодательства, развитию навыков ведения переговоров и достижению консенсуса в трудовых конфликтах;

5.4. по участию в реализации мероприятий по предупреждению социальной напряжённости и разрешению социально-трудовых конфликтов.

 

  1. ПОРЯДОК КОНТРОЛЯ ЗА ИСПОЛНЕНИЕМ СОГЛАШЕНИЯ

 

6.1. Акимат района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области, в лице структурного подразделения, обеспечит размещение на своём официальном интернет-ресурсе в разделе «Социальное партнёрство» всех документов, связанных с социальным партнёрством, в том числе Соглашение, План мероприятий по его реализации, периодическую отчётность по нему
(не реже 2 раз в год); Положение о трёхсторонней комиссии, все протоколы её заседаний.

6.2. Стороны, в месячный срок со дня подписания настоящего Соглашения, обязаны разработать комплекс мер по выполнению принятых на себя обязательств и направить в управление координации занятости и социальных программ акимата Северо-Казахстанской области для формирования проекта Плана мероприятий по реализации Соглашения и дальнейшего его рассмотрения и утверждения на Комиссии.

6.3. Контроль и мониторинг исполнения Плана мероприятий по реализации Соглашения осуществляется в порядке, определённом Положением о Комиссии.

По итогам контроля и мониторинга исполнения Плана мероприятий по реализации Соглашения, Комиссией принимаются решения, обязательные к исполнению Сторонами.

6.4. Стороны осуществляют регулярную публикацию на своих официальных интернет-ресурсах материалов, посвящённых вопросам реализации Соглашения, деятельности Комиссии, развитию социального партнёрства и социально-трудовых отношений.

 

 

  1. ПОРЯДОК ВНЕСЕНИЯ ИЗМЕНЕНИЙ И ДОПОЛНЕНИЙ

 

7.1. Стороны вправе инициировать внесение изменений и (или) дополнений в настоящее Соглашение, которые принимаются по взаимному согласию всех Сторон, оформляются отдельными дополнительными соглашениями, являющимися неотъемлемой частью Соглашения, и вступают в силу со дня их подписания, если в самом документе не указана другая дата.

7.2. В случае изменения законодательства Республики Казахстан и (или) возникновения иных обстоятельств, непосредственно оказывающих влияние на исполнение обязательств любой Стороны Соглашения, Стороны обязаны рассмотреть вопрос о внесении изменений и (или) дополнений в него.

7.3. Со дня подписания дополнительного соглашения о внесении изменений и (или) дополнений в Соглашение, оно подлежит официальному опубликованию вместе с текстом Соглашения с изменённой редакцией в общеустановленном порядке.

7.4. План мероприятий по реализации Соглашения приводится в соответствие с внесёнными изменениями и (или) дополнениями в месячный срок со дня их подписания.

 

  1. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СТОРОН

 

8.1. Стороны несут ответственность за невыполнение взятых на себя обязательств в рамках Соглашения, а также предоставление информации, необходимой для осуществления контроля за выполнением Соглашения, участие в переговорах по изменению или дополнению Соглашения в соответствии со сроками проведения указанных переговоров, а также за необеспечение работы Комиссии в сроки, определённые Сторонами, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

8.2. Стороны не допускают незаконное вмешательство в деятельность друг друга, а также воспрепятствование и (или) создание ограничивающих условий для формирования, функционирования и деятельности профессиональных союзов,
а также объединений (ассоциаций) работодателей.

8.3. В Соглашении используются понятия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

8.4. Действие Соглашения распространяется на государственные органы, работодателей, работников и их представителей, уполномоченных в установленном порядке.

8.5. Соглашение вступает в силу с момента подписания и действует до вступления в силу Соглашения на последующий период.

Соглашение заключено в городе Булаево « 6 » мая 2024 года в трех экземплярах по одному для каждой из Сторон на государственном и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу.

 

 

Настоящее Соглашение подписали:

 

От акимата района Магжана Жумабеава

Северо-Казахстанской области:

 

Заместитель акима района -

Заместитель председателя

трехсторонней комиссии

 

ШАРИПОВ А.С.

 

 

___________________

 

 

От профессиональных союзов:

 

Председатель филиала «Магжана Жумабаева

Районный комитет» ОО «Северо-Казахстанского отраслевого профессионального союза работников образования и науки

 

ПАЩЕНКО Н.А.

 

 

__________________

 

 

От объединений работодателей:

 

Председатель Ассоциации по защите прав предпринимателей

района Магжана Жумабаева

 

ЮДАКОВ С.В.

 

 

_________________

 

ИП «Кухаренко В.В.»

 

КУХАРЕНКО В.В.

 

 

_________________

 

 

 

Дата публикации
05 июня 2024
Дата обновления
05 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы