Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыздың 2024 жылғы 1 мамырдағы зейнетақы жинақтарының көлемі 19 трлн теңгеге жақын

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында шамамен 19 трлн теңге жинақталған. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 трлн аса теңгеге (немесе 21,1%) өсті. Жыл басынан бері 4 айдың ішінде олардың өсімі шамамен 1,12 трлн теңге (6,2%) болды.

 

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2024 жылғы 1 мамырға 18,3 трлн теңгеден асып, бір жылда 20,6% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 599 млрд теңге (бір жылдағы өсім - 22,8%). Бір жылдағы ең үлкен өсімді (45,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олардың көлемі шамамен 6 млрд теңге.

 

Жинақтар мөлшерінің өсімі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен мүмкін болды. 2024 жылдың 4 айында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналарының көлемі - 856,4 млрд теңге (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 29,1% немесе шамамен 193 млрд теңгеге өсті).

Жарналардың барлық түрлері оң динамиканы көрсетті: МЗЖ есебі бойынша жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.05.2024 жылға 759,2 млрд теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 20,3% өсті), МКЗЖ - 38,7 млрд теңге (22,7% өсті), ЕЗЖ - 981 млн теңге (өсім 42,1%).

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 4 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 57,9 млрд теңгеден асты.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.05.2024 ж. - 517,6 млрд. теңге.

 

БЖЗҚ-дан төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 2024 жылдың 4 айында шамамен 285,5 млрд теңге болды. Бұл ретте осы көлемнің 41,7%, яғни 119 млрд теңгесі - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуға байланысты төлемдер шамамен 67,8 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 19,2 млрд теңгеге (39,5%) көп.

 Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 18,5 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 11,4 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер - 3,3 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 64,3 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Атап кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуға байланысты) 33 858 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 945 752 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 090 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңге болған.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны - 12,4 млн бірлік, оның ішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 677,8 мың - МКЗЖ бойынша, 413,3 мың - ЕЗЖ бойынша тіркелген.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер ескерілетін БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) саны 2024 жылғы 1 мамырда 3,6 млн бірлік болды.

 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
28 мая 2024
Дата обновления
28 мая 2024
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы