Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 21 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күнін өткізді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнінде дәстүрлі түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы, оның тетігінің егжей-тегжейін түсіндіру, кез келген қызықтырған сұрақтарға жауап беру мақсатында өз салымшыларын қабылдайды. Кезекті Ашық есік күніндегі басты тақырып – "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар".

Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап халықты әлеуметтік қорғау саласындағы барлық заңнамалық актілерді біріктірген, азаматтарды қолдауды және дүниеге келген сәттен бастап зейнетке шыққанға дейін мемлекеттік кепілдік беруді қамтамасыз ететін Әлеуметтік кодекс күшіне енді.

Кодекс мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі ынтымақтастығы мен ұжымдық жауапкершілігін айқындайды. Ол елдің ерекшеліктерін, сондай-ақ, Еуроодақ заңнамасын қоса алғанда, үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді.

ҚР Әлеуметтік кодексі Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану, жерлеуге берілетін төлем көлемін ұлғайту, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), зейнетақы жарналарының баршаға арналған міндетті сипаты, комиссиялық сыйақыны төмендету, емделуге және тұрғын үйге біржолғы зейнетақы төлемдерін алудың жаңа қағидалары бойынша бірқатар жаңалықтарды көздейді.

Қор мамандары Ашық есік күніне қатысушылармен дәл осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

Кездесуге қатысушылар мынадай сұрақтар қойды:

Әлеуметтік кодексте көзделген зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы жаңашылдықтар қандай? Бұл жағдайда қандай жаңа тәсілдер қолданылады? Бұл жаңашылдықтардың қандай артықшылықтары бар? Олар іс жүзінде қалай жүзеге асырылады?

Қор мамандары сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, әрбір жаңашылдықтың маңыздылығын түсіндіріп, Әлеуметтік кодекс нормаларын іске асыру мысалдарын келтірді.

Іс-шара тақырыбы қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, белсенді пікірталас жағдайында өтті.

Дата публикации
21 сентября 2023
Дата обновления
21 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы