Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 «Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді.

          Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің  43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға хабарламада конкурс өткізу туралы белгіленген мерзімінен кешіктірмей өтінімдерін берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалар және жеке тұлғаларға рұқсат беріледі.

Өтінімдер қабылдауы конкурсты өткізу туралы алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап 03 ақпанға дейін қоса алғанда өткізіледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.

           Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі, 11, 1-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша Қызылжар ауданы әкімдігінің ғимаратында 2023 жылғы 06 ақпанда 15 сағат 00 минутта шығарылады.

Конкурсқа катысу шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырылады, өтініш берушіге тіркеу номірі міндетті тағайындалады және оған хабарлама беріледі.

          Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

          1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

          2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

          3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

          4) конкурстық ұсыныс;

          5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

          Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

          Конкурстық ұсыныста:

          1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

          2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

          3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

          Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде «2023 жылғы 06 ақпанға дейін ашуға болмайды деген сөздер жазылады, жабық конвертте ұсынылады.

          Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

          Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

          Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

          Талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

          Конкурс өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Қызылжар ауданы әкімінің www.kzh.sko.gov.kz сайтында және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» www.kzh-ozo.sko.kz сайтында, немесе  8 (715-38), 2-15-54, 2-23-42 телефон арқылы алуға болады.

           

Жер учаскелерінің Тізбесі

 

Архангельск а/о:

 

Лот 1. Жалпы көлемі - 19 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік – 18 га (б/б 56,6), табиғи жайылымдар – 1 га (б/б 57,6). Орналасқан жері 7 км Архангельское а.

Лот 2. Жалпы көлемі - 50 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары:  егістік – 34 га (б/б 53,9) ), табиғи жайылымдар 14 га (б/б 48,1), табиғи жайылымдар (орманды қорғау аймағы) – 2 га (б/б 47,6). Орналасқан жері 11 км Архангельское а.

Лот 3. Жалпы көлемі – 3,3 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары:  егістік – 3,3 га (б/б 30). Орналасқан жері 2 км Новокаменка а.

Лот 4. Жалпы көлемі – 21 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары:  егістік – 21 га (б/б 42,9). Орналасқан жері 1 км Архангельское а.

Лот 5. Жалпы көлемі – 4,8 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары:  егістік – 4,8 га (б/б 33,8). Орналасқан жері 1,1 км Архангельское а.

Лот 6. Жалпы көлемі – 10 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік – 10 га (б/б 30,7). Орналасқан жері 0.1 км Архангельское а.

Лот 7. Жалпы көлемі – 17 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік – 17 га (б/б 30,5). Орналасқан жері 0,4 км Архангельское а.

Лот 8. Жалпы көлемі – 16,6 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік – 11 га (б/б 39,5), жақсартылған шабындықтар 5 га (б/б 43,8), табиғи жайылымдар 0,6 га (б/б 40). Орналасқан жері 2 км Новокаменка а.

Лот 9. Жалпы көлемі – 57,3 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 55,5 га (б/б 50,6). Орналасқан жері 11,3 км Архангельское а.

 

 

Асанов а/о:

Лот 10. Жалпы көлемі – 73,2 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар – 58,2 га (б/б 25,9). Орналасқан жері 7 км Асаново а.

Лот 11. Жалпы көлемі - 94 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар – 93 га (б/б 35,3). Орналасқан жері 2 км от Толмачевка а.

 

Бугровое а/о:

          Лот 12. Жалпы көлемі -  85 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар – 84 га (б/б 11,2). Орналасқан жері – 3,2 км Барневка а.

          Лот 13. Жалпы көлемі -  85,7 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар –  85,7 га (б/б 23,9). Орналасқан жері – 8,9 км Барневка а.

Лот 14. Жалпы көлемі -  91,6 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар –  91,6 га (б/б 25,3). Орналасқан жері  – 5,2 км Гончаровка а.

Бугровое а/о:

Лот 15. Жалпы көлемі – 45,1 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 45,1 га (б/б 37,1). Орналасқан жері 1,7 км Новогеоргиевка а.

Лот 16. Жалпы көлемі – 46,4 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар – 45,5 га (ср.б/б 12). Орналасқан жері 2,1 км Новогеоргиевка а.

 

Вагулино а/о:

Лот 17. Жалпы көлемі – 143 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік – 109 га (б/б 54,5), табиғи жайылымдар – 34 га (ср.б/б 49,8). Орналасқан жері 7 км Кустовое а.

 

Виноградов а/о:

Лот 18. Жалпы көлемі - 89 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 88 га (б/б 57,1), табиғи жайылымдар – 1 га (б/б 59,2). Орналасқан жері 3,1 км Виноградовка а.

 

Қызылжар а/о:

Лот 19. Жалпы көлемі - 528 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 470 га (б/б 32,1), бақша 1 га (б/б 59), табиғи жайылымдар – 49 га (б/б 38,3). Орналасқан жері 1,2 км Приишимка а.

 

Куйбышев а/о:

Лот 20. Жалпы көлемі - 28,6 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар – 28,4 га (б/б 30,5). Орналасқан жері 1,5 км Боголюбово а.

Лот 21. Жалпы көлемі - 12,9 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 12,8 га (б/б 56,2). Орналасқан жері 2,2  км Боголюбово а.

Лот 22. Жалпы көлемі - 249 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 246 га (б/б 30,2), табиғи жайылымдар 1,5 га (б/б 54,1). Орналасқан жері 0,1 км Боголюбово а.

Лот 23. Жалпы көлемі - 67 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 54 га (б/б 43,6), табиғи жайылымдар 13 га (б/б 20,8). Орналасқан жері 1,5 км Надежка а.

Лот 24. Жалпы көлемі – 46,6 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 45,8 га (б/б 14,7). Орналасқан жері ие 2,5 км Надежка а.

 

Петерфельд а/о:

            Лот 25. Жалпы көлемі - 145 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 144 га (б/б 57,4), табиғи жайылымдар 1 га (б/б 59,4). Орналасқан жері 900 м Кондратовка а.

           Лот 26. Жалпы көлемі - 32,4 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 32,4 га (б/б 26,6). Орналасқан жері 2,3 км от Кривоозерка а.

          Лот 27. Жалпы көлемі - 84,3 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи шабындықтар 45,3 га (б/б 11,1). Орналасқан жері 0,6 км Кривоозерка а.

Прибрежный а/о:

Лот 28. Жалпы көлемі - 30 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 7 га (б/б 56,6), табиғи жайылымдар 22 га (б/б 56,6). Орналасқан жері 3,4 км Шаховское а.

Рассвет а/о:

 

Лот 29. Жалпы көлемі - 117 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 59 га (б/б 53,2), табиғи жайылымдар 49 га (б/б 23,7). Орналасқан жері 4,6 км Красная горка а.

Лот 30. Жалпы көлемі - 66 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 55 га (б/б 53,2), табиғи жайылымдар 10 га (б/б 22,8). Орналасқан жері 0,1 км Красная горка а.

 

 

Дата публикации
23 декабря 2022
Дата обновления
23 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

18 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы