Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның өлшемдерін белгілеудің қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2-1) подпунктіне, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабына сәйкес әзірленді.
Ұсыныстар мен ескертулерді жинау және жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 16 сәуірден бастап өтеді.
Мәслихат шешімінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Мәслихат шешімінің жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НПА» бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15808991