Мағжан Жұмабаев ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болған азаматтардың тізімі
Дубовик Геннадий Федорович

1934 – 2021
КСРО ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі
Булаев халық ағарту бөлімінің меңгерушісі (1971–1997 жж.).
Ширек ғасырдан астам уақыт ауданның білім беру жүйесін үздіксіз басқарып,
мектептердің қалыптасуына және ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосты.
Зенченко Василий Дмитриевич

1930 – 1999
Социалистік Еңбек Ері
Возвышенка аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы (1970–1978 жж.),
Булаев ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1969–1970 жж.).
Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға орасан зор үлес қосты.
Квашин Иван Иванович

1936-2021
Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы
Булаев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы (1981–1989 жж.),
Булаев аудандық атқару комитетінің төрағасы (1974–1981 жж.).
СҚО облыстық Еңбек және халықты жұмыспен қамту комитетін басқарды.
Сағандықов Оралбай Шәріпұлы

1941 ж.т.
Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы
Қазақстан Республикасының Құрметті ардагері
Ауданды дамытуға 40 жылдан астам ғұмырын арнаған көрнекті шаруашылық және қоғам қайраткері. 1980–1990 жылдары облыс пен ауданның атқарушы органдарында жоғары басшылық қызметтер атқарды, М. Жұмабаев атындағы кеңшарды басқарды. 2008 жылдан бастап Мағжан Жұмабаев ауданының ардагерлер қозғалысын басқарады. «Парасат» орденімен, «Октябрь Революциясы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және т.б. Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған
Оразалин Аманбол Мұхаметқалиұлы

1950 ж.т.
Мемлекет қайраткері
Возвышенка ауданының әкімі, аудандық әкімшіліктің басшысы
және аудандық атқару комитетінің төрағасы (1987–1996 жж.).
Физов Алексей Савельевич

1922 – 2020
Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, ағарту ісінің үздігі.
тарихшы, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Жигалов Николай Владимирович

1960 – 2013
Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы
Булаев ауданының әкімі (1997–1999 жж.), «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
«ЖНВ» ЖШС директоры (2001-2013)
Өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға орасан зор үлес қосты.
Олжабаев Зейнолла Олжабайұлы

1930 – 2025
«Құрмет Белгісі» орденінің иегері, еңбек ардагері
Көрнекті қоғам қайраткері
Булаев ауданы агроөнеркәсіп кешенінің басшысы (1955–1992 жж.),
Булаев аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы (1995–1998 жж.).
Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы

1933 ж.т.
ҚР ҰҒА академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері
Булаев ауданы Чистов орта мектебінің түлегі
Көрнекті ғалым-химик, ғылым докторы, профессор.
ҚарМУ (1980–1988 жж.) және Қарағанды техникалық университетінің ректоры.
ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институтының негізін қалаушы және директоры.