
Әлеуметтiк әрiптестiк — жұмыскерлер, жумыс берушiлер, аткарушы билiктiң өңiрлiк органдары арасындағы Еңбек және олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелерi бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушiлердiң мүдделерiн келiсудi камтамасыз етуге бағытталған өзара қарым- қатынастар жүйесi.
Әлеуметтiк әрiптестiктiң мақсаты экономиканы дамыту, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекшiлердiң өмiр сүру деңгейiн арттыру болып табылады. Әлеуметтiк әрiптестiк жүйесi нарықтық экономикаға әлеуметтiк сипат беруге, оның дамуын қоғамның игiлiгiне бағыттауға, жеке және қоғамдық мүдделердi келiсуге мүмкiндiк бередi.
Әлеуметтiк әрiптестiк тараптардың тең құқықтылығы, мүдделерiн кұрметтеу және ескеру; олардың заңдарды және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауы; таңдау еркiндiгi және шешiмдер қабылдаудың ерiктiлiгi; ұжымдық шарттарды, келiсiмдердi орындау мiндеттiлiгi, оларды орындамағаны үшiн жауапкершiлiк кағидаттарына сәйкес icкe асырылады.