
1992 жылғы 24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Возвышен ауданының Возвышенка ауылында дүниеге келген. 2014 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Шет тілі» мамандығы бойынша, 2026 жылы «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ-ын «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірді.
2014 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың мамырына дейін — Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімінің «Писарев орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі.
2017 жылдың тамызынан 2018 жылдың тамызына дейін — Возвышенка ауылы «Бөбек» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК әдіскері.
2018 жылдың тамызынан 2022 жылдың шілдесіне дейін — «Писарев орта мектебі» КММ шетел тілі мұғалімі.
2022 жылдың шілдесінен 2026 жылдың тамызына дейін — «Возвышен орта мектебі» КММ шетел тілі мұғалімі.
2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың шілдесіне дейін — «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» КММ мектеп директорының м.а. (Возвышенка ауылы).
2023 жылдың шілдесінен 2026 жылдың тамызына дейін — «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» КММ мектеп директоры (Возвышенка ауылы).
2026 жылдың 10 тамызынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасарының м.а. болып тағайындалды.