Бүгін Булаев қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жалпы аудандық экологиялық акция өтті. Іс-шара Халықаралық тазалық күніне орай ұйымдастырылып, аумақты абаттандыру мен экологиялық бастамаларды қолдауға, сондай-ақ алдағы Қарттар күніне арналған бірлескен іс-шаралардың бірі болды.
Акцияға аудан әкімі Рахат Смағұлов, ауданның белсенділері, ақсақалдар, жастар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Барлығы 2 500 көшет отырғызылды. Оның ішінде 1 250 күл ағашының және 1 250 жиде көшеті бар.
Акцияға қатысушылар үшін дала асханасы ұйымдастырылып, палау, бауырсақ және ыстық шай ұсынылды.
🌱 Бүгін біз қаламен бірге өсетін ағаштарды отырғыздық. Бұл – Булаев қаласын абаттандыруға және оның болашағына қосылған үлес. Біз бұл қаланы келер ұрпаққа қалдырамыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 1 маусым мен 29 маусым аралығында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 29 мамырға дейін (қоса алғанда) келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 8 (71531) 2-04-94.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және атвомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 17 қазанда сағат 16:00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және атвомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін тұралы тыңдау өтетінін хабарлайды.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және атвомобиль жолдары бөлімі» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы 25 қыркүйек бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 22 қыркүйекке (қоса алғанда) дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:
8 (71531) 2-04-94.
Қазақстанда меншік иелерінің жиналысын өткізу туралы хабарлау мерзімі 5 күнге дейін қысқартылды
2025 жылдан бастап Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлердегі мүлік иелерінің жиналысын өткізу туралы хабарлау мерзіміне қатысты тұрғын үй заңнамасына өзгерістер күшіне енді. Енді жиналысты ұйымдастырушылар тұрғындарды жиналыс өткізілетін күнге дейін кемінде 5 күнтізбелік күн бұрын хабардар етуге міндетті — бұған дейін бұл мерзім 10 күн болған.
Хабарлау мерзімінің қысқаруы қандай оң әсерлерге әкеледі, қарастырайық:
Хабарлау мерзімін 5 күнге дейін қысқарту өзекті мәселелер бойынша жиналыстарды жедел бастауға және өткізуге мүмкіндік береді — бұл шұғыл жөндеу, бюджет бекіту, басқарушы компанияны таңдау немесе жылдық смета мен тарифтерді келісу болуы мүмкін.
Сондай-ақ жиналысты өткізу екі форматта қарастырылады: жүзбе-жүз (қатысу арқылы) және сырттай (қашықтан). Жазбаша сауалнамалар мен электронды дауыс беру сырттай форматқа жатады.
Болашақ жиналыстың форматын хабарламада көрсетуге болады, және 5 күн өткен соң таңдалған формат бойынша дереу бастауға рұқсат етіледі.
Бес күндік мерзім бастамашыл топтар мен басқарушы ұйымдар үшін жиналысты дайындау рәсімін жеңілдетеді. Ұзақ хабарландыру таратудың, көп сатылы дайындыққа уақыт пен ресурсты жұмсаудың қажеті жоқ — күн тәртібін, өткізу форматын нақты белгілеу және меншік иелеріне хабарлау жеткілікті.
Тұрақ орындары мен қоймалардың иелері тарифтерді белгілеу мәселесі бойынша жиналыстарды тек осы мүлік түрлерінің иелерімен өткізеді.
Маңызды ескерту: мерзімнің қысқаруы рәсімнің ашықтығына қойылатын талаптарды жоймайды. Күн тәртібі, хабарлау тәсілдері, өткізу формасы (қатысу арқылы немесе сырттай) — барлығы заңға сәйкес болуы тиіс. Қорытындылар алқалы түрде жасалады, жиналыс хаттамасы даулы мәселелерді қарау кезінде ресми құжат болып табылады. Қабылданған шешімдер барлық меншік иелері үшін міндетті болып саналады.
Түзетулер 2025 жылдың қыркүйегінде күшіне енеді.
Төтенше жағдайлар бөлімі Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын (тұрмыстық газ баллондары) пайдаланатын объектілер мен тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және адамдардың қаза табуын болдырмау мақсатында Булаев қаласында орналасқан автогаз құю станцияларында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Тұрғын үй кезегі» ақпараттық қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюға арналған. Бұл Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ақпараттық қызметке қолжетімділік келесілерге беріледі:
2024 жылғы 28 маусымдағы «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2024 жылғы 27 маусымға дейін (қоса алғанда) 21494 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады