«Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» 9 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді

         

«Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» 9 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

I және II тоқсанда барлығы 62 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
– 59 қызмет – «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілік, сондай-ақ тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешім қабылдауы»;
– 3 қызмет – «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару».

Анықтама: 2025 жылғы 24 мамырдан бастап Қазақстанда «Отбасы банк» ұлттық даму институты ретінде қайта құрылуын көздейтін өзгерістер күшіне енді. Жаңа мәртебе банкке тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың есебін орталықтандырылған түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

III–IV тоқсанда 8 қызмет көрсетілді – «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару».

2025 жылы барлығы 70 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
– Мемлекеттік корпорация арқылы – 0;
– Электрондық үкімет порталы арқылы – 0;
– «KEZEKTE» АЖ арқылы – 59;
– «Е-лицензиялау» АЖ арқылы – 11 қызмет.

Негізделген бас тартулар саны – 6, олар «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілік, сондай-ақ тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша тіркелді.

Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша қызмет алушылар арасында ақпараттық буклеттерді тарату тұрақты негізде жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді танымал ету мақсатында ауданның мемлекеттік органдары тарапынан түсіндіру іс-шаралары өткізілді: бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшада тікелей эфирлер, интернет-конференциялар ұйымдастырылып, қызметтерді алу бойынша нұсқаулықтар жарияланды, сондай-ақ қызмет алушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған ақпараттық стенд бар. Өзін-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді.

Дата публикации
05 января 2026