
*«Құқық кабинеті» — үйге жақын заңгерлік көмек*
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындары үшін құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Аудандар мен ауылдық әкімдіктерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. Олар негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар елді мекеннен шықпай-ақ өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, электрондық өтініштер жолдай алады.
«Құқық кабинеті» арқылы келесі жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» АҚЖ, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі, «Зан» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, электрондық үкімет порталы eGov, «Zankomegi» сервисі, «Тараптар кабинеті» (АЖ АОІП), e-Otinish жүйесі және басқа да сервистер.
Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жедел табуға, өтініштер мен сұрауларды электрондық форматта жолдауға, өтініштердің мәртебесін қадағалауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
«Құқық кабинеттерінде» ақпараттық стендтер орналастырылған, онда жұмыс тәртібі туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыстары және анықтамалық материалдар көрсетілген. Жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды. Қазіргі уақытта азаматтардың келу және өтініш беру белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
«Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл халқының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заңгерлік көмек алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмекті қолжетімді, түсінікті және әр тұрғынға жақын етудегі тағы бір қадам.
*Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті*
«Кабинет права» — юридическая помощь рядом с домом.
Сегодня жителям сельских населённых пунктов Северо-Казахстанской области стало значительно проще получать правовую информацию и пользоваться государственными электронными услугами.
В районных и сельских акиматах региона функционируют так называемые «Кабинеты права», размещённые на базе уголков самообслуживания. «Кабинеты права» оснащены специализированными компьютерами с доступом к основным государственным и правовым информационным системам.
С их помощью жители могут самостоятельно получать юридическую информацию, обращаться за государственными услугами и направлять электронные обращения, не выезжая за пределы своего населённого пункта.
Через «Кабинет права» доступны такие системы и сервисы, как: ИПС «Әділет»; эталонный контрольный банк нормативных правовых актов; база данных «Зан»; портал «Открытые НПА»; портал электронного правительства eGov; сервис «Zankomegi»; «Кабинет сторон» (АИС ОИП); система e-Otinish и другие. Это позволяет гражданам быстро находить законы и разъяснения, подавать заявления и запросы в электронном формате, отслеживать статус обращений, а также получать консультационную и информационную поддержку.
В Кабинетах права размещены информационные стенды, на которых указаны сведения о работе «Кабинетов права», контакты юридических служб и полезные справочные материалы. Для эффективной работы «Кабинетов права» специалисты сельских округов прошли инструктаж, им разъяснены принципы функционирования системы. В настоящее время осуществляется мониторинг посещаемости и обращаемости граждан, что позволяет улучшать качество оказываемых услуг.
Основная цель создания «Кабинетов права» — это обеспечение равного доступа сельского населения к правовой информации, повышение уровня правовой культуры и создание удобных условий для получения оперативной юридической помощи.
Работа по повышению правовой грамотности сельских жителей продолжается на постоянной основе. «Кабинет права» — это ещё один шаг к тому, чтобы правовая помощь была доступной, понятной и находилась рядом с каждым жителем.
Департамент юстиции Северо-Казахстанской области