Меню

Страницы

Статья

 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке түрде жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету процестеріне ішкі бақылауды ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.

2021 жылғы 15 сәуірдегі №129/НҚ Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетед:

  • Жер телімін алу үшін кезекке қою;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • Елді мекеннің шегінде нысан салу үшін жер учаскесін беру;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  • Жеке меншікке жер учаскесін бір уақытта немесе бөліп төлеуге сату

2024 жылы көрсетілген қызметтің түрі 4, қызметті берушілермен қағаз түрінде (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген – 0). Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 0.

Мемлекеттік корпорация арқылы 0 қызмет, e-licens жүйесі арқылы 4 қызмет көрсетілді.

Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын көбейту, көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушімен, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдар арасындағы байланысты жою мақсатында тұрақты негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпарат (стандарттар, регламенттер, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың аты-жөні) көрсетілген стенд орналастырылған.

Ауылдық округ әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі бар.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ауылдық округ әкімі аппаратында «Connection Point»өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Өзіне — өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 168 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік корпорациямен бірлесе отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметкерлері және Ұзынкөл ауылдық округінің тұрғындары «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына оқытылады. Семинарларда жекелеген қызметтер бойынша заңнамада қандай жаңалықтар бар, қазіргі уақытта қандай құжаттар пакеті қажет, электронды қызметтерді алу дағдылары сынды мәселелер қамтылады. 2024 жылы 35 адам қамтылған 1 семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, электрондық қызметтерді танымал ету үшін ауылдық округ әкімі аппаратының Facebook, instagram ресми парақшасында 42 мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жарияланымдар орналастырылған), интернет — конференциялар 1,өткізілген дөңгелек үстел – 1.

2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылар арасында 396 данадан астам мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша ақпараттық кітапшалар таратылды

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Одан әрi тиiмдiлiк мақсатында: осы мәселе бойынша мемлекеттiк органдар жұмысының жай-күйiн тоқсан сайын талдау, оқыту семинарлары, оларға практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету мақсатында ауылдық округтердiң әкiмдiктерiне бару жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарына барған тұлғалар жоқ.

2025 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат 

Әкімдікте барлық қызметтерге тұрғындар тарапынан түскен шағымдар мен қызметтерді тіркеу және есепке алу журналдары ашылған.

2024 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылуы туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес 2024 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Ж. Қасенов

Орынд. Н.Скроботова 87153152616

Дата публикации
10 февраля 2025
Дата обновления
10 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы