GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
15 мая 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауын өткізу туралы хабарландыру 2026 жыл 15 мамыр

     

        2026 жылғы 01 маусымдан дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы өткізілетін болады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша өткізілетін болады:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіне қатысы бар нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММұйымдастырушылық-басқару  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

17 февраля 2026
Таман ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Таман ауылдық округі жергілікті қоғамдастық

жиналысын шақыру туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

 

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 2-тармағына сәйкес, Таман ауылдық округінің әкімі 2026 жылғы 19 ақпанда сағат 15-00-де Таман ауылының мәдениет үйінің ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы шақырылады күн тәртібімен:

  1. Таман ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы бос лауазымына орналасуға кандидатураны жария талқылау
09 декабря 2025
Құқық кабинет
Құрметті Таман ауылдық округінің тұрғындары!
Таман ауылдық округі әкімдігінің базасында әрбір азамат үшін Құқықтық ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған құқық кабинеті жұмыс істейтінін еске саламыз.
Кабинетте қажетті нормативтік және түсіндіру материалдарының толық жиынтығы орналастырылған ақпараттық стенд орнатылған. Оның негізінде бірыңғай құқықтық кеңістік сайтын пайдалану дағдыларына оқытуды қоса алғанда, халықпен тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі (eup.adilet.gov.kz) және оның мүмкіндіктерімен танысу.
Жер қатынастары
13 октября 2025
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс қайта өткізу туралы хабарламаны

        

 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға 10 жыл мерзімге берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама)   бірінші   жариялымынан   күнтізбелік  отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. 2025 жылғы 10 қарашадан бастап 2025 жылғы 18 қарашаға дейінгі кезеңде өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, 2-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша  Мағжан Жұмабаев  ауданы  әкімдігінің  ғимаратында 2025 жылдың 01 желтоқсандағы 10 сағат 00 минутта конкурстың нәтижелері  шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі  конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім  берушіге  хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

 2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Конкурстық өтінімдер "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жер қатынастары бөлімі" КММ-не 2025 жылғы 28 қараша сағат 18:30-дан кешіктірмей: 150800, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 31, мекенжайы бойынша қолма-қол, веб-портал арқылы немесе пошта арқылы беріледі.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің www.mzh.sko.gov.kz, «Солтүстиік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлімі» КММ www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh-zher, сайтында немесе  8 (71531) 2-03-75, 8 (71531) 2-08-33 тел. бойынша алуға болады.   

 

Лот №

Алқаптардың құрамы

Алаңы, га

Бонитеттің орташа көтерілген балы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы

1

Егістік: 21 өріс-388г., 23 өріс – 338г., 11 өріс -431г., 24 өріс -403г.

 

Жайылымдар: 2 өріс -11г., 3 өріс -23г., 4 өріс -1г., 7 өріс -6г., 4 өріс -12г., 5 өріс -5Г., 5  кос өріс -5г., 16 кос өріс -8г., 17 кос өріс -9Г., 2 өріс -3г., 6 өріс -17г, 3 өріс-8г.

 

бұталар-48 г; жолдар-5 г;

1721

52,0

Таман ауылдық округі

қарапайым қара топырақтар

Қанағаттанарлық 

ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту

 

23 мая 2025
Президенттік жастар кадр резерві
Негізгі құжаттар
15 января 2025
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/3 және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 415 бірлескен шешімі мен қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 наурызда № 7838-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты халқы елу адамнан кем мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктері таратылсын:

      Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі Конюхов ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің Камышлов ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі Возвышенка ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округінің Изобильное ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі Александровка ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округінің Алуа ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі Бастомар ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округінің Екатериновка ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі Таман ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округінің Сейфолла ауылы;

 

      Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі Хлебороб ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округінің Мичурин ауылы;

  1. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары облыстың және ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
  2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі        Г. Нурмухамбетов

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы          В. Бубенко

 

 
   

 

Мемлекеттік қызметтер
29 января 2024
Таман ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметінің есебін көпшілік талдауы туралы ХАТТАМАСЫ

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының  Таман ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы  мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметінің  есебін көпшілік талдауы туралы

ХАТТАМАСЫ

 

 

Таман а.                                                                      2024 жылғым 12 қантар 

 

Төрағалық еткен:

округтің әкімі  Ветер Г.Х.

 

Қатысқандар: Таман ауылдық округі әкімі аппараты

 

КҮН ТӘРТІБІ

  1. СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының  Таман ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті оокруг әкімі Г.Х.Ветер оқыды.

 

Сұрақтар мен ұсыныстар бола ма?

Сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Осы есепті талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін, әкім аппаратына:
  • Қолданыстағы заңнамаға, стандарттар мен регламентке сәйкес қатаң түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету;
  • «Электрондық үкімет» порталында электрондық форматта көрсетілетін қызметтерді арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;
  • Тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы және «электрондық үкімет» порталында көрсетілген қызметтер туралы ақпарат беру өз-өзіне қызмет көрсету аймағын (аудандық БАҚ, жергілікті тұрғындармен жиындар, билбордтар мен т.б. ресімдеу) пайдалану;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • Ішкі бақылау бойынша ақпаратты сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Жылына кемінде бір рет мүдделі органдар мен адамдарды шақыра отырып,  есептерді  жариялау, талқылаудан өткізу.

 

Таман ауылдық округінің әкімі                                     Г.Ветер

 

16 января 2024
Таман ауылдық округінің Сейфолла ауылының тұрғындарына жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу туралы хабарлама

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35, 39-3-баптарына сәйкес, Таман ауылдық округінің әкімі 2024 жылғы 26 қантарды сағат 15-00-де Таман ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округінің Сейфолла ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіледі, күн тәртібі:

  1. Сейфолла ауылын  Таман  ауылына қосу туралы.

 

Таман ауылдық округінің әкімі                                                      Г.Ветер

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы