ХАТТАМА
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
Таман ауылы 2026 жылғы 22 маусым
Сағат 10:00
Төрағалық етті: Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округінің әкімі А.Ю. Поляков.
Өткізу орны:Әкімдік ғимараты, Советская көшесі, 25.
Қатысқандар:Таман ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының төрағасы С.Ю. Панченко, Таман ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері.
КҮН ТӘРТІБІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау.
ТЫҢДАЛДЫ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат.
(Н. Жалнина – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімі аппаратының жалпы мәселелер жөніндегі бас маманы)
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері талқыланды.
Ішкі талдау барысында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылды:
талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Н. Жалнина ұсынған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат талқыланып, назарға алынды.
Қоғамдық талқылау қорытындылары бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атына ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.