GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
03 сентября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
мәслихаты
2020 жылғы 9 қазаны
№ 42-2
шешіміне 1-қосымша

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

 

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары.

1) Булаев қаласы, Комаров көшесі, «Жастар» стадион алаңы. Шекті толу нормасы – 5000 адам.

2) Булаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі. «Достық» демалыс және мәдениет паркі. Шекті толу нормасы – 300 адам.

3) Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, Мағжан Жұмабаев бюсті алаңының алдында. Шекті толу нормасы – 200 адам.

4) Булаев қаласы, жүру бағыты «Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің халық өнерпаздары шығармашылығының және бос уақытты ұйымдастыру қызметі орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының алаңы алдындағы автомобильдік жол тұрағынан бастап Тахир Мұсаев көшесі бойынша, Тахир Мұсаев және Абай Құнанбаев көшелерінің қиылысына дейін, Абай Құнанбаев көшесі бойынша «Жастар» стадионына дейін. Шекті толу нормасы – 400 адам, жүру бағытының ұзындығы - 700 метр.

2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі.

Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді

Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы «Соғыс жағдайы туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 5 және 6-баптарының (бұдан әрі - Заң) талаптарын сақтау қажет.

Осы тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

Қоғамдық қауіпсіздікті, медициналық, өрт сөндіру және өзге де қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

 

 

 

14 июля 2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
09 июля 2026
Үкімет Қазақстанның мемлекеттік туын пайдалану ережелерін нақтылады.

Қазақстан мемлекеттік туды пайдалану ережелерін жаңартты. Бұл ережелерді бұзу енді айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады.

Үкімет Қазақстанның мемлекеттік туын пайдалану ережелерін нақтылады.

Қаулыда тыйым салынған әрекеттердің тізімі және рұқсат етілген әрекеттер нақты көрсетілген.

Қазақстан туымен не істеуге болмайды

Жарлыққа сәйкес, егер тудың тозуы, сызаттары, тесіктері, кірі, түсі түсіп, әжімдері немесе оның символикалық маңызын төмендететін басқа да ақаулары болса, оны пайдалануға болмайды.

 

Сондай-ақ, азаматтар тудың жерге, еденге, суға немесе басқа беттерге тиюіне жол бере алмайды.

 

Оны кілем, дастархан, перде, төсек-орын немесе киім ретінде пайдалануға тыйым салынады.

 

Туды жоюға, өртеуге, жыртуға, лақтыруға немесе басқа мақсаттарда пайдалануға да тыйым салынады.

Бұзушылықтар үшін қандай жаза қарастырылған?

Туды дұрыс пайдаланбағаны үшін айыппұлдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 418-бабында көрсетілген. 1-1-тармаққа сәйкес, бұзушылықтар үшін айыппұл салынады:

  • жеке тұлғалар үшін — 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 21 625 теңге (немесе ескерту);
  • лауазымды тұлғалар мен шағын бизнес үшін — 10 АЕК (43 250 теңге);
  • орта бизнес үшін — 20 АЕК (86 500 теңге);
  • ірі бизнес үшін — 30 АЕК (129 750 теңге).

Дегенмен, бір жыл ішінде қайталап бұзушылықтар үшін айыппұлдар айтарлықтай жоғарылайды:

  • жеке тұлғалар үшін — 50 АЕК (216 250 теңге);
  • лауазымды тұлғалар мен шағын бизнес үшін — 100 АЕК (432 500 теңге);

 

  • орта бизнес үшін — 150 АЕК (648 750 теңге);
  • ірі бизнес үшін — 250 АЕК (1 081 250 теңге).

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қолданыстағы 458-бабы бар, оған сәйкес мемлекеттік туды заңсыз пайдалану 50 АЕК (216 250 теңге), ал қайталанған құқық бұзушылық үшін — 100 АЕК (432 500 теңге) айыппұл салынады.

Қазақстан туымен не істеуге болады?

Қаулыда патриоттық сезімдерді білдіру үшін жалауды пайдалануға нақты рұқсат етілген:

  • балкондарға ілу (45 градус бұрышпен);
  • оны көліктердің ішінде пайдалану;
  • оны жеке үйлерге орнату, бірақ кемінде 3 метр биіктікте;
  • жалауы бар бөлек жалауша орнату;
  • спорттық киімдерге жалауша бейнесін пайдалану.

Сондай-ақ, егер жалау тігінен көрсетілсе, ұлттық ою-өрнек жоғарғы жағында болуы керек екені ерекше атап өтілген.

 

Осылайша, қарардың негізгі мақсаты жаңа тыйым салу емес, қарапайым азаматтардың жалаушаны пайдалануын заңдастыру.

Жаңа ережелер 2026 жылдың 13 шілдесінде күшіне енеді

09 июля 2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәртебесі мен оларды пайдалану тәртібі Конституциямен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңмен және Үкіметтің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіру және оларға деген құрметті нығайту мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі Үкіметтің Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақ Мемлекеттік Гимн мәтінін пайдалану, орнату және орналастыру қағидаларын бекітетін қаулысына өзгерістер енгізді.

Енгізілген өзгерістердің бірі терминологияны біріздендіруге бағытталған. Бұдан былай нормативтік құқықтық актілерде «Гимн» атауының орнына «Әнұран» атауы қолданылады.

Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың Мемлекеттік Туды орналастыру тәртібі нақтыланды. Енді Туды ғимараттарға, оның ішінде балкондарға да 45 градус бұрышпен ілуге болады. Бұл норма 2020 жылдан бері заңнамада болғанымен, балконға орналастыру тәртібі осы уақытқа дейін нақты айқындалмаған еді.

Қағидаларға Мемлекеттік Туды пайдалануға қатысты бірқатар талаптар да енгізілді. Жеке тұрғын үйлерде Ту жерден кемінде үш метр биіктікте орнатылуы керек. Енді түнгі жарықтандыру талабы алынып тасталды. Ал егер ғимараттың сәулеттік немесе техникалық ерекшеліктеріне байланысты Туды қасбетке орналастыру мүмкін болмаса, оны үй аумағындағы жеке ту тұғырына (флагштокқа) орнатуға болады.

Мемлекеттік Ту жерге, еденге, суға немесе өзге де заттардың бетіне тимеуі тиіс. Ту тік орналастырылған жағдайда ұлттық өрнек матаның жоғарғы жағында болуы қажет. Сондай-ақ Мемлекеттік Туды егер олар коммерциялық мақсат көздемесе, жеке және заңды тұлғалар ұйымдастыратын мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шараларда пайдалануға болады.

Ту ұлттық стандартқа толық сәйкес болуы тиіс. Өңі кеткен, жыртылған, кірлеген немесе өзге де зақымдары бар Мемлекеттік Туды пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптары сақталған жағдайда Мемлекеттік Туды көлік салонында пайдалануға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік Туды әдейі бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға, мақсатқа сай емес қолдануға және оның мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиеті мен мәртебесіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетке жол берілмейді.

Қағидаларда Мемлекеттік Туды жарнамалық мақсатта пайдалануға, сондай-ақ оны киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, перде, дастарқан, төсеніш және тұрмыстық мақсаттағы өзге де бұйымдарға орналастыруға тыйым салынған. Бұл талап мемлекеттік рәміздің бейнесін күнделікті тұрмыста орынсыз пайдаланудың алдын алып, оған деген құрметті сақтауға бағытталған.

Сонымен бірге енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекеттік Тудың бейнесін спортшылардың киімі мен жабдықтарында қолдануға рұқсат етілді. Бұған дейін заңнамада спорттық киімде тек Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін орналастыруға ғана мүмкіндік берілсе, енді бұл құқық Мемлекеттік Тудың бейнесіне де қолданылатын болды.

Спорттық киім мен жабдықтарға футболкалар, спорттық костюмдер, бейсболкалар, кепкалар және спортшылар пайдаланатын өзге де киім үлгілері жатады.

Енгізілген өзгерістер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін біріздендіруге, оларға деген құрметті арттыруға және азаматтар, ұйымдар, спортшылар мен кәсіпкерлер үшін ортақ талаптарды айқындауға мүмкіндік береді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

09 июля 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

 жоба

  

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қарашадағы № 188 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының  65-бабы  3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қарашадағы № 188 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 14-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) аудан аумағында пайдалану (орнату, орналастыру) кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттар талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау».

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданының

                      әкімі                                                                  Р. Смағұлов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

07 июля 2026
1 шілдеден бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау басталды.

1 шілдеден бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау басталды.

Кейінгі тоғыз жыл ішінде бұл сыйлықақы 558 үкіметтік емес ұйымға табысталды. Жыл сайын олардың қатарында аудандар мен ауылдық елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген 10-ға жуық ауылдық үкіметтік емес ұйым бар.

Егер ұйымыңыз қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, өз саласында нәтижелі жұмыс атқарып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрсе, сіздерді үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.

✔️Өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқауға қатысу талаптары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk

Қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

18 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыруды

22.06.2026 жылы сағат 15: 00-де Булаев  қ, Юбилейная көшесі, 56 мекен-жайы бойынша «СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда.

Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 2-14-28

26 мая 2026
«Мерейлi отбасы — 2026» Ұлттық конкурс туралы хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ

Жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, адамгершілік пен руханилықты сақтауға, сондай-ақ отбасының оң имиджін және жауапты ерлі-зайыптылықты насихаттауға бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1.Ата-аналардың, кәмелетке толған балалардың жеке куәлігі (пдф-да және қағаз нұсқада сканерлеу);

2.Кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері (пдф-дағы және қағаз нұсқадағы сканерлеу);

3.Неке қию туралы куәлік (пдф-дағы және қағаз нұсқадағы сканерлеу);

4.Барлық отбасы мүшелерінің грамоталары, алғыс хаттары (пдф-дағы және қағаз нұсқадағы сканерлеу);

5.Жұмыс орнынан мінездеме (түпнұсқа);

6.Көршілердің сипаттамасы (түпнұсқа);

7.Электрондық форматтағы фотосуреттер;

8.Бейне (отбасы туралы презентация);

9.Қоғамдық қызмет, волонтерлік (алғыс хаттар).

 

Барлық сұрақтар бойынша 8 (71531) 2-14-28 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

 

25 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыруды

Хабарландыру «СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2026 жылғы 1 маусымнан 29 маусымға дейін ««СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ» КММ қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:

  1. аудан әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
26 декабря 2025
Формирование состава экспертного совета по оценке реализации социальных проектов

КГУ "Отдел внутренней политики., культуры и развития языков района Магжана Жумабаева СКО"  объявляет о формировании состава экспертного совета по оценке реализации социальных проектов в рамках государственного социального заказа на 2026-2028 годы.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы