2026ж.07.04.
05-06/
Облыстың мемлекеттік
органдарына (тізім бойынша)
Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған тапсырмасын іске асыру мақсатында Әділет департаментімен ауылдық жерлерде «құқық кабинеттерін» ашу мәселесі пысықталды.
Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ресми интернет-ресурстарда құқық кабинеттері туралы ақпаратты (қосымшаға сәйкес) орналастыруды қамтамасыз етуді сұраймыз.
Аталған шараларды іске асыру халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың цифрлық технологияларды белсенді пайдалануына ықпал етеді деп пайымдаймыз.
Құқық кабинеттерінің жұмыс істеуі туралы тиісті түрде хабардар ету мәселелері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ерекше бақылауында.
Осыған байланысты аталған ұсынысты қарастырып, мүмкіндігінше ведомствоңыздың тиісті аудандық бөлімшелеріне оны іске асыру бойынша тапсырма беруді сұраймыз.
Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты растайтын материалдарды (скриншоттарды) қоса бере отырып, ағымдағы жылдың 20 сәуірінедейін ұсынуды сұраймыз.
Қосымша: 2 парақ.
Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!
Басшының м.а. К. Матина
Орынд: Д. Каратаева
87152331282