GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
15 мая 2026
«Құқық кабинеті» - үйіңізге жақын заң көмегі

«Құқық кабинеті» - үйіңізге жақын заң көмегі

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.

 

08 декабря 2025
Құқық кабинеті

Ауылдық округ әкімінің аппаратында "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттыққұқықтық жүйесіне қолжетімділікпен "Құқық кабинеті" ұйымдастырылды

Жауапты маман Неугасимова Ирина Павловна жалпы мәселелер жөніндегі бас маман телефон 87779017141

29 февраля 2024
28 ақпанда азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті

28 ақпанда Лебяжье ауылының демалыс орталығында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті. Ауылдық округінің әкімі Ш.Р. Омарова жеке қабылдауда 4 адамды қабылдады. Тұрғындар МӘМС төлемі, ветеринария, су тасқынының алдын алу шаралары және абаттандыру сияқты мәселелермен жүгінді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.

15 февраля 2024
"Север-2024"аудандық қысқы спорт мерекесі бағдарламасында қысқы Президенттік көпсайыстан ауданның жеке-командалық чемпионаты

2024 жылдың 20 қаңтарында Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында "Север-2024" қысқы спартакиадасы аясында Президенттік көпсайыстан аудандық чемпионаттың 1 кезеңі өтті. Біздің округтің спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы