«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.
Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.
2025 жылғы 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюховский ауылдық округінде Қоғамдық кеңес өтті.
Күн тәртібі: алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын тұлғалардың тәртібін қарау.
Мақсаты: маскүнемдіктің алдын алу
Қоғамға жат өмір салтын ұстанатын, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын, еш жерде жұмыс істемейтін тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық кеңес мүшелері ескертулерді жою бойынша тиісті ұсыныстар берді. LTP жағдайында алкогольге қарсы мәжбүрлі емдеу ұсынылды
2025 жылғы 18 шілде сағат 11:00-де "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ (ХҚКО) ғимаратында Конюхов ауылдық округі әкімі аппаратының әкімі азаматтарды қабылдады. Азаматтарды қабылдау барысында 2 адам жүгінді, барлық сұрақтарға жауаптар берілді, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы түсініктемелер берілді.
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ "Алаяқтар"сериясын көру ұйымдастырылды.
2024 жылғы 15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюховский ауылдық округінде Қоғамдық кеңес өтті.
Күн тәртібі: алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын тұлғалардың тәртібін қарау.
Мақсаты: маскүнемдіктің алдын алу
Қоғамға жат өмір салтын ұстанатын, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын, еш жерде жұмыс істемейтін тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық кеңес мүшелері ескертулерді жою бойынша тиісті ұсыныстар берді. LTP жағдайында алкогольге қарсы мәжбүрлі емдеу ұсынылды.
BIRGEMIZ жастар акциясы аясында ауылдық округте жалғыз тұратын зейнеткерге қар тазалауға көмек көрсетілді.