Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде 2025 жылға арналған салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)696-3-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы ставкасының мөлшерін салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендету болып табылады 2025 жылы.
2024 жылғы 24 шілдеден 7 тамызға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылауда, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15147729
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
кәсіпкерлік бөлімі» КММ
басшысы Ә.Әлжанов