Қарақоға және Образец ауылдарында Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Аға ұрпақтың құрметті өкілдері үшін концерт ұйымдастырылды, онда әндер, өлеңдер мен алғыс сөздер айтылды.Мереке жылы және рухани атмосферада өтті, қонақтарға қуаныш, күлімсіреу және шынайы көңіл бөлді.
2026 жылдың 9 мамырында Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округiнде Ұлы Жеңiстiң мерейтойына арналған салтанатты жиын болып өттi. ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
28 сәуір күні Мәдениет үйінде 1 мамыр мерекесіне арналған жарқын әрі әсерлі іс-шара өтті
Құрметті қонақтар ретінде аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Барлық қатысушылар үшін мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды: ойындар, сүйікті әндер, көңілді билер және жылы қарым-қатынас.
Кеш мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, баршаны көктем мен қуаныштың бірегей атмосферасында біріктірді
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.
Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.
22 наурыз 2026 жылы Қарақоға ауылында Наурыз мерекесі жарқын әрі салтанатты түрде өтті. Ауыл тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Спорттық жарыстар, тартысты «Байғе» жарысы және қошқар көтеру сайысы көпшіліктің қызығушылығын арттырды. Мереке жылы әрі достық атмосферада өтіп, баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
13.02.2026 жылы, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні алдында, Қарақоға ауылдық округі әкімдігі аппаратының, Қарақоға орта мектебінің, Мәдениет үйінің, Шекаралық күзеттің, Округ ветерандар кеңесінің, кітапханалардың күшімен патриоттық іс-шара – еске алу набаты «Жауынгер соғысты таңдамайды!» өткізілді.
2026 жылдың 28 қаңтарында Қарақоға ауылдық округінде «Заң және тәртіп» тақырыбында іс-шара өтті. Кездесу барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік, тұрмыста және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы туралы түсіндірілді. Жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен олардың салдары бойынша мысалдар келтірілді. Сондай-ақ қоғамдағы тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңның рөлі ерекше атап өтілді.