СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімдігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есебін қоғамдық талқылауы туралы ХАТТАМА

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімдігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есебін қоғамдық талқылауы туралы ХАТТАМА

 

Қарақоға а.                                                      2026 жылы 23 қаңтар 

 

 

Төрағалық етті: Мұқашев Ж.Х. ауылдық округінің әкімі

 

Қатысушылар: мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері және ардагерлер кеңесінің мүшелер

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімдігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.

 

         Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы баяндаманы ауылдық округ әкімі Ж.Х. Мұқашев оқыды.

Осы баяндаманы талқылау нәтижелері бойынша келесі ұсыныстар жасалды:

 

Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар үшін:

        - қолданыстағы заңнамаға және мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді қатаң түрде көрсету;

        - мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

  • ішкі бақылау бойынша ақпараттың сапалы және уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
  • тұтынушыларды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы арқылы және «Электрондық үкімет» порталында көрсетілетін қызметтер туралы хабардар ету, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын пайдалану (веб-сайттағы жарияланымдар, жергілікті тұрғындармен кездесулер, брошюралар тарату және т.б.);
  • мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • «Электрондық үкімет» порталында көрсетілетін электрондық форматтағы қызметтерді арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;

- жылына кемiнде бiр рет мүдделi органдар мен адамдарды шақыра отырып, баяндамаларды қоғамдық талқылауды өткiзедi.

Осы өкімнің орындалуын қадағалау Қарақоға ауылдық округі әкімі аппаратының жалпы мәселелер жөніндегі бас маманы Ю.А. Зибертке жүктелсін.

 

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімдігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есебін қоғамдық талқылауы туралы ХАТТАМА
Дата публикации
23 января 2026