Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппаратында 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
р/с № |
Іс–шараның атауы |
Өткізу уақыты |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
«Сенім» телефонына түскен қоңырауды және ауылдық округ азаматтарының өтініштер мен арыздар жәшігін тіркеуге жауапты маманды бекіту |
қаңтар |
Ауылдық округ әкімі |
|
2 |
Мемлекеттік қызметшілердің этика журналын жүргізу |
ұдайы |
Жалпы мәселелер жөніндегі бас маман |
|
3 |
Азаматтарды қабылдау кестесін бекіту |
Тоқсан сайын |
Ауылдық округ әкімі |
|
4 |
Әкім аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілерінің кіріс туралы декларацияларын тапсыру |
Қаңтар–тамыз |
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері |
|
5 |
Азаматтарды қабылдау кестесін БАҚ жариялау |
Тоқсан сайын |
Жалпы мәселелер жөніндегі бас маман |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру |
ұдайы |
Ауылдық округ әкімі, ИГ |
|
7 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттыру |
Курс кестесі бойынша |
Жалпы мәселелер жөніндегі бас маман |
|
8 |
Келісімдерді мемлекеттік сатып алу сайтына орналастыру |
Ай сайын |
Бухгалтер–салықшы бас маман |
|
9 |
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің жүгінулерімен жұмыс |
ұдайы |
Жалпы мәселелер жөніндегі бас маман |
|
10 |
Е–өтініш базасымен жұмыс, 1–ОЛ есептерін, салыстырма тексеріс актісін уақытында тапсыру |
ұдайы |
Жалпы мәселелер жөніндегі бас маман |
|
11 |
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының баптарын түсіндіру, ресми сайтта тікелей эфир өткізу |
Тоқсан сайын |
Ауылдық округ әкімі |
|
13 |
Ауданда, облыста өткізілетін құқықтық біліктілікті насихаттау бойынша сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі Мемлекеттік бағдарламамен қарастырылған іс-шараларға әкім аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілерінің қатысуы |
Өткізілуі бойынша |
Ауылдық округ әкімі |
|
14 |
Ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерін қабылдағанда заңдылықтың сақталуы |
ұдайы |
Жалпы мәселелер жөніндегі бас маман |
|
15 |
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетілуін бақылау |
ұдайы |
Ауылдық округ әкімі |
|
16 |
Мемлекеттік сатып алу процедураларын ашық өткізу |
Ай сайын |
Бухгалтер–салықшы бас маман |
|
17 |
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің этикасының сақталуына бақылау жасау |
ұдайы |
Ауылдық округ әкімі |