Ережесі

Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің

2018 жылғы 23 сәуірдегі

№ 100 қаулысымен

бекітілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев  ауданы  

Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жыл

 

1 тарауы. Жалпы ережелер

 

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» (одан әрі – әкім аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мағжан Жұмабаев аудандық және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Әкім аппараты ұйымдастыру - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  4. Әкім аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Әкім аппаратының Ережесі және құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 150806, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Қарақоға ауылы, Ленин көшесі, 8.
  7. Әкім аппаратының толық атауы:

мемлекет тілінде: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Каракогинского сельского округа района Магжана Жумабаева     Северо - Казахстанской области»

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және тиісті саланың уәкілетті органы «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің болып табылады мына мекен-жайда орналасқан: 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев каласы, Юбилейная көшесі, 56.
  2. Әкім аппараты Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігімен қайтадан құрылады, және қысқартылады және жойылады.
  3. Әкім аппартының жергілікті бюджет есебінен ұсталатын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.
  4. Әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкершілік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2 тарауы. Әкім аппараттың негізгі тапсырмалары, функциялары

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Тапсырмалары:

Әкімнің қызметінде ақпараттық-сараптамалыққ, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қызметін қамтамасыз ету;

  1. Функциялары:

1) Әкім аппараты өзінің құзыры шегінде:

Жергілікті қауымдастық жиналысын, ауыл тұрғындары жергілікті қауымдастығы, көшелер, көп пәтерлі тұрғын үйлер, жергілікті қауымдастығының бөлек жиналысын қамтамасыз ету.

Жергілікті қауымдастығының бөлек жиналысы, жергілікті қауымдастығы жиналысының шақырылу орыны, уақыты туралы және талқыланатын сұрақтар өткізуге дейін он күнтізбелік күнен кеш емес ақпараттық бұқаралық құралдар және басқа да тәсілдер арқылы хабарланады.

Жергілікті қауымдастық жиынында немесе жергілікті қауымдастық жиналысында қабылданған және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен мақұлданған шешімдерді орындауды қамтамасыз ету.

Аудан маңызындағы ауылдық округ бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз ету.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатына жергілікті қауымдастығы жиналысын ұсыну;

Ауылдық округі бюджетін жүргізу туралы шешім қабылдау;

Жергілікті қауымдастығының даму бағдарламасын жергілікті қауымдастығы жиналысына ұсыну және жасау;

Ауылдық округтың коммуналдық мүлкіне жататын құрылыс, қайтадан жөндеу және нысандарды жөндеу бойынша тапсырушы болып шығу;

Жергілікті өзін өзі басқарудағы коммуналдық мүлікті тиімді және мақсатты пайдалануға бақылау жүргізу;

Жергілікті өзін өзі басқарудағы коммуналды заңды тұлғаларға қатысты субъектілердің коммуналдық меншігі құқығын жүргізеді;

Ауылдық округтың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мүлігіне (жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық меншігі) ұстау мерзімі және алынған мүлікті оны басқа тұлғаға теңгерімінен шығарумен тапсырғанға дейін сақталуын қамтамасыз ету;

Жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлік сұрақтары бойынша мемлекет мүддесін білдіру, ауылдық округінің меншік құқығын қорғауды жүргізу (жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық меншігі);

Жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлігінің сенімді басқару келісімшарты бойынша сенімді басқару міндеттерін орындауға бақылау жүргізу;

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның ауылдық округтың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мүлкі болып табылатын (жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық меншігі) даму жоспарын орындауға сараптама және бақылау жүргізеді;

Жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне есеп жүргізеді, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

2) Жергілікті қауымдастығы жиналысының келісімі бойынша әкім аппараты:

Өзінің құзыры шегінде жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық мүлкін басқару саласында құқықтық актілер жобасын жасайды;

Жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық мүлкімен басқарады, егер басқа Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылмаған, оны қорғау бойынша шара жүргізеді;

Жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүргізу және шешім қабылдау, соның ішінде нысанды жекешелендіруге дайындау барысында оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру рәсімін ұйымдастыру үшін делдардарды тарту,жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз етеді және жекешелендіру нысанын сатуға сату-сатып алу келісімшартын жасауға дайындық жүргізеді және сатып алу-сату келісімшарты жағдайын бақылайды;

Ауылдық округтың коммуналдық жекеменшігінде болып табылатын мүлік (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық жеке меншігі), коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мақсаты мен тапсырмасын анықтайды, сонымен қатар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (шаруашылық жүргізу және қазынашылық кәсіпорын құқындағы) осындай қызмет жүргізеді;

Жергілікті өзін-өзі басқарудағы коммуналдық заңды тұлға берілген мүлікті немесе өз шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алу немесе қайтадан бөлуді жүргізеді;

Жергілікті өзін-өзі басқарудағы коммуналдық заңды тұлға пайдалынбайтын немесе тағайындауы бойынша пайдалынбайтын мүліктің артығын алуды жүргізді;

Жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлігі мүліктік жалға (жалға), жеке тұлғаларға сенімді басқару және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға соңынан сатып алудың құқығы немесе сатып алу құқығымен беріледі;

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің келісімі бойынша жергілікті өзін өзі басқарудағы коммуналдық заңды тұлғалардың жойылуы және атауының өзгертілуі, құрылуы, қайтадан құрылуы туралы шешім қабылдайды;

Жергілікті өзін өзі басқарудағы мемлекеттік заңды тұлғалардың қағидасын (Ережесін) бекітеді, оған өзгертулер мен қосымшалар енгізіледі.

Оған бекітілген мүлікке (олардың өндірілген өнімін сатудан басқа), филиалдар және өкілдіктер құру, сонымен қатар қарыздарын беруге және есептен шығаруға коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға билігіне басқа тәсілмен келісім беру;

Ауылдық округтың (жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық меншігі) коммуналдық меншігінде болып табылатын мүлік коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын бюджетінен қаржыландыратын міндетті жұмыс көлемі (қызмет) және қызметінің басым бағытын анықтайды;

Ауылдық округтың (жергілікті өзін өзі басқарудағы коммуналдық меншігі) коммуналдық меншігінде болып табылатын, мемлекеттік кәсіпорын даму жоспарын қарастырылған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен қарастырады, келіседі және бекітеді және олардың орындалуы бойынша есеп берді;

Жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы соның ішінде кепілге, жалға, қайтарусыз пайдалануға және сенімді басқаруға беру туралы шешщім қабылдайды.

Жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық мүлігіне жергілікті өзін өзі басқарудағы коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіледі.

Жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық мүлкін беру туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен берілген басқа да өкілеттіктерді жүргізеді.

  1. Әкім аппараты өзінің құзыры шегінде құқығы бар:

Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға;

Мүліктік және мүліктік емес құқығын алуға және жүргізуге құқылы;

Мемлекеттік басқару органдарының, архив, ғылыми мекемелердің ақпараттық мәлімет базасын пайдалануға;

Келісімшарт, келісім жасауға;

Қазақстан Республикасының қарастырылған заңнамаларына сәйкес басқа да құқығы бар.

  1. Әкім аппараты өзінің құзыры шегінде міндетті:

Тұрғындарға әрекет ететін заңнамаларға сәйкес сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметінің және басқа да орындаушы органдардың, облыстық әкім және әкімдік, аудандық әкім және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытында орындау;

Қарастырылған әрекет ететін занамалармен басқа да міндеттерді жүргізу.

 

3 тарауы. Әкім аппараты қызметін ұйымдастыру

 

  1. Әкім аппараты әкіммен басқарылады.
  2. Әкім құзыреті:

 

Әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметінде басшылықты жүргізеді;

Жергілікті қауымдастығы немесе жергілікті қауымдастығы жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамаларына сәйкес, олардың билігіндегі қалдырылған мемлекеттік мекемелердің жүргізілген түсімі және шығындарынан (жұмыс, қызмет) жиынтық жоспарын құрайды және бекітеді.

Ауылдық округтың тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

Аудан әкімінің және жергілікті қауымдастығы жиналысының келісімімен ауылдық округтың апатты баспаналарын бұзуды ұйымдастырады;

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауылдық тұрғындарды шағын несиелеуге көмек көрсетеді;

         «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 729-бабының 3-тармағына сәйкес, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;

Заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктер, Қазақстан Республикасының басқа да нормативттік құқықтық актілерімен жүргізеді.

  1. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкім орынбасары болуы мүмкін.
  2. Әкім Қазақстан Республикасы актілерінің занамаларына сәйкес әкім орынбасарының өкілеті мен міндетін анықтайды.
  3. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормасын сақтауды әкім қамтамасыз етеді.

 

4 тарауы. Әкім аппаратының мүлкі

 

  1. Әкім аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі Қазақстан Республикасының тиым салынбаған заңнамаларымен меншік иесімен берілген мүлік, сонымен қатар өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және басқа да көздерден (ақшалай кірістерді қоса алғанда) мүлкі есебінен құралады.

  1. Әкім аппаратына бекітілген мүлік ауылдық округтың (жергілікті өзін өзі басқару) коммуналдық меншігі болып табылады.
  2. Әкім аппараты жергілікті қауымдастығы жиналысының келісімімен оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен, басқа заңнамалар көзделмеген кезде, мүлікті беруге немесе басқа да тәсілдермен иелік етуге.

 

5 тармағы. Әкімі аппаратының жұмыс тәртібі мен қарым-қатынасы

 

          25. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен құрылтайшының арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады және реттеледі.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен және құрылтайшысымен өзара қарым - қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек тәртібімен белгіленеді және Қазақстан Республиқасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

 

6 тармағы. Әкiм аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату             28. Әкім аппараттын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ережесі
Дата публикации
16 ноября 2023