1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш — жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына бейтарап және адал қызмет етеді деп сенеді.
2. Осы Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі стандарттары болып табылады.
3. Кадр қызметі Мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде мемлекеттік қызметшіні осы Қағидалармен жазбаша нысанда таныстыруға тиіс.
2. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы ережелері
4. Мемлекеттік қызметшілер:
1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатына адал болуға және оны дәйекті түрде іске асыруға, өз іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
3) Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңның көрінуіне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қолдануға;
4) қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға;
5) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті.;
6) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
7) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін, мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті;
10) мемлекеттік және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілеттіктерге тиімді билік етуге, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы орындауға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
11) жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге, лауазымдық міндеттерін атқару кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
12) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
13) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
14) бағынысты мемлекеттік қызметшілерден өздерінің лауазымдық міндеттерінен тыс тапсырмаларды орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қарсы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
15) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуге;
16) өз іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізделген сынға себеп бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға;
17) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамның қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік, дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
18) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және анық мәліметтер беруге міндетті;
19) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, автокөлік құралдарын қоса алғанда, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
20) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынастар мен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға ықпал етуге;
21) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті;
22) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде киімдегі іскерлік стильді ұстануға міндетті.
5. Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық ережелерін сақтауға тиіс.
6. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүддесі үшін, оның ішінде оларға деген көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
Басшы лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы
7. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.
8. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дұрыс ақпаратқа ие болса, мұндай құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыны, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығын, уәкілетті мемлекеттік органдарды дереу жазбаша нысанда хабардар етуге тиіс. Мемлекеттік қызметші сондай-ақ аталған адамдар мен органдарды оны басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірген жағдайлары туралы дереу жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы өтініштері, оны осы бұзушылықтарды жасауға итермелеу жағдайлары, оның ішінде тексерулерді ұйымдастыру және өтініштерді уәкілетті органдарға жіберу арқылы шаралар қолдануға міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні осы бұзушылықтарды жасауға итермелеу, оның құқықтарына, заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.;
9. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.;
10. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын алу бойынша барлық мүмкіндіктерді пайдалануға, жеке және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін тексерулерге бастамашылық жасауға жол бермеуге тиіс.
11. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға тиіс.;
12. Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болдырмау жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.
13. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделілігі мен оның өзінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері арасында осы заңды мүдделерге зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін қайшылық туындаған жағдайда, мемлекеттік қызметші оны болғызбау және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға міндетті. Мемлекеттік қызметке.
4. Көпшілік алдында сөйлеу
14. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірталастарды дұрыс жүргізуі тиіс.
15. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік қызмет мәселелері бойынша өз пікірін, егер ол:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашады;
3) мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздерден тұрады.
16. Мемлекеттік саясатты жүргізуге, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметіне байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялауына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдарды жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде өз атынан ғана жүзеге асыра алады.
17. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық үшін негізсіз жария айып тағылған кезде, ол осындай айып табылған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.
5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы
18. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
19. Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғам тарапынан өз іс-әрекеттерін негізді сынауға негіз бермеуге тиіс.