Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
Булаев қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау
ХАТТАМАСЫ
Булаев қаласы 2025 жылғы 21 ақпан
Төрағалық етті:
Булаев қаласының әкімі А.Т. Бірімжанов
Қатысты: мемлекеттік қызмет көрсетуге Булаев қаласы әкімі аппаратының жауапты қызметкері, Булаев қаласы әкімі аппаратының мамандары мен қызметкерлері, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері.
Барлығы 34 адам.
Күн тәртібі:
Булаев қаласы әкімі аппаратының жалпы мәселелер жөніндегі бас маманы И.В. Еньшина баяндама жасады. Есеп нәтижелері бойынша қатысқандардан сұрақтар түскен жоқ.
Осы есепті талқылау қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар берілді:
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданыстағы заңнамада, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінде көзделген талаптарды қатаң сақтау;
- электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;
- тұтынушыларды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы хабардар ету, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағының әлеуетін пайдалану (аудандық БАҚ, жергілікті тұрғындармен жиындар, билбордтар ресімдеу және т.б.);
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- ішкі бақылау бойынша ақпараттың сапалы және уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған өтініштердің сапалы қаралуын қамтамасыз ету, негізсіз бас тартуларды беруді болдырмау, көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау кезінде сапалы және уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
- Булаев қаласы әкімінің ресми сайтын және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стендті жаңарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу;
- ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т. б.) өткізу;
- жылына кемінде бір рет мүдделі органдар мен адамдарды шақыра отырып, есептерді жария талқылауды жүргізу.
Булаев қаласының әкімі А. Бірімжанов