Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімі аппаратының 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетеді.

Олардың ішінде:

- Аппарат деңгейінде 5 қызмет;

- 4 қызмет электрондық үкімет порталы және электрондық лицензиялау порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі.

Олардың ішінде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 84 қызмет.

Бұл ретте, 18 қызметті алушыға қолданыстағы заңнамаға сәйкес негізді түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

Қалада электрондық қызметтерді танымал ету бөлігінде «Ашық әкімдік» және халықтың электрондық қызметтерді алуына қол жеткізу үшін «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету алаңы жұмыс істейді. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 184 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп Булаев қаласының тұрғындары арасында «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына оқыту жүргізіледі.

2024 жылғы ішкі бақылау қорытындысына сәйкес Аппарат 125 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен - 2 қызмет.

Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 2 қызмет.

  Мемлекеттік корпорация арқылы - 0 қызмет, электрондық үкімет порталы арқылы - 123 қызмет көрсетілді.

Электрондық түрде - 123 қызмет (оның ішінде 123 қызмет тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде қолмен енгізілген - 0 қызмет, e-licens жүйесі арқылы - 0 қызмет).

Көрсетілетін қызметті алушылар арасында мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша ақпараттық брошюраларды тарату тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді алу жолдары туралы 1583-тен астам брошюралар таратылды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, электрондық қызметтерді танымал ету үшін Аппарат 6 түсіндіру іс-шарасын өткізді: мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, Facebook парақшасында тікелей эфир, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жеке қабылдау, 2 брошюра әзірленді және таратылды, жергілікті БАҚ-та мемлекеттік қызметтер көрсету туралы мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Барлық қызметтерге халық тарапынан көрсетілетін қызметтер мен шағымдарды есепке алу және тіркеу журналдары жасалды.

2024 жылдың 12 айында Аппаратқа мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы туралы ақпарат

 

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, осы кезең ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

 

Дата публикации
19 мая 2025