Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы сәйкес:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі топтың құрамы (бұдан әрі – жұмыс тобы) осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні болып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көзделген бағыттар анықталсын.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2026 жылғы 1 маусымнан бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын болып белгіленсін.
  5. Талданатын кезең 2025 жылдың 1 маусымынан бастап 2026 жылдың 29 мамырына аралығында.
  6. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей келісілген талдамалық анықтаманы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі әкімінің қарауына ұсынсын.
  7. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  8. Осы өкім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Бастомар ауылдық округінің әкімі                                         М. Қайыржанов 

Дата публикации
30 июня 2026