ОТЧЕТ о деятельности КГУ «Аппарат акима Бастомарского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» по вопросам оказания государственных услуг за 2025 год

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке түрде жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету процестеріне ішкі бақылауды ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.

2021 жылғы 15 сәуірдегі №129/НҚ Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

  • Жер телімін алу үшін кезекке қою;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • Елді мекеннің шегінде нысан салу үшін жер учаскесін беру;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  • Жеке меншікке жер учаскесін бір уақытта немесе бөліп төлеуге сату

2025 жылы көрсетілген қызмет саны 2, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген – 1). Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 1.

Мемлекеттік корпорация арқылы 1 қызмет, e-licens жүйесі арқылы 1 қызмет көрсетілді.

Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын көбейту, көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушімен, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдар арасындағы байланысты жою мақсатында тұрақты негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпарат (стандарттар, регламенттер, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың аты-жөні) көрсетілген стенд орналастырылған.

Ауылдық округ әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі бар.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ауылдық округ әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Өткен кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 50 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік корпорациямен бірлесе отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметкерлері және Бастомар ауылдық округі тұрғындарының "электрондық үкімет" порталын пайдалану дағдылары. Семинарларда заңнамада қандай да бір қызметтер бойынша қандай жаңалықтар бар, қазіргі уақытта қандай құжаттар пакеті қажет, электрондық қызметтерді алу дағдылары сынды мәселелер қамтылады.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, электрондық қызметтерді танымал ету үшін ауылдық округ әкімі аппаратының Facebook, instagram ресми парақшасында 49 мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жарияланымдар орналастырылған), тікелей эфирлер -1, 1 «Сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» тақырыбындағы ролик, 2025 жылғы 14 қазанда Бастомар ауылдық округінде «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ мамандарының цифрлық сауаттылық дағдыларына оқытуы ұйымдастырылды, оған 40 адам қатысты.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда. Одан әрi тиiмдiлiк мақсатында: осы мәселе бойынша мемлекеттiк органдар жұмысының жай-күйiн тоқсан сайын талдау, оқыту семинарлары, оларға практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету мақсатында ауылдық округтердiң әкiмдiктерiне бару жалғасатын болады.

2026 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Әкімдікте барлық қызметтерге тұрғындар тарапынан түскен шағымдар мен қызметтерді тіркеу және есепке алу журналдары ашылған.

2025 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ

 

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылуы туралы мәліметтер

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес 2025 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

 

Бастомар ауылдық округінің әкімі                              М.Қайыржанов

 

 

Орын. А Сарбай

            87153135733

 

Дата публикации
21 мая 2026